22 наурыз күні туған белгілі тұлғалар

22 наурыз күні туған белгілі тұлғалар

Ұлыстың ұлы күні дүниеге келген белгілі тұлғалар аз емес. Айта кетсек, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Марат Қабанбайұлы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Кәрменов Жәнібек, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Қали Сәрсенбай, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Николай Баскаков, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері Мәліқожа Құланбаев сынды аты елімізге танымал тұлғалар тұлғалар дүние есігін ашқан.

Жаңа жылдың бастауынан әлемнің жарығын көрген тұлғалардың саны мұнымен шектелер емес. Наурыздың 22-сі күні шетелдің бірқатар әлемге әйгілі киножұлдыздары да бар екен. Олар:

• 1931 жылы канадалық актер Уильям Шетнер дүниеге келген. Ол әйгілі "Жұлдызды жол" сериалында Джеймс Кирк рөлін сомдаған.

• 1959 жылы "Сабрина" фильміндегі Ирэн рөлін сомдаушы француз актрисасы Фанни Ардан туылған. Фанни Ардан есімі, одан бөлек, "Мәңгі Каллас" фильмінен де белгілі.

• 1959 жылы АҚШ-тың Калифорния штатында белгілі актер Мэттью Модайн дүние есігін ашады. Ол голливудтық "Флюк" фильмінде Томас Джонсон рөлін ойнайды. Сонымен қатар, "Баскесерлер аралы" фильмінің басты кейіпкері болған.

• 1971 жылы америкалық актер Кигэн Майкл Ки дүниеге келген. Майкл "Ақымақ бастықтар 2" фильмінде Майктың, "Фарго" сериалында Пеппердің және "Тозақтың балалары" кинокартинасында Фреснелдің рөлдерін сомдаған.

• 1975 жылы Санта-Барбарада Коул Хаузер есімді актер дүние есігін ашқан. Аты шулы Голливуд жұлдызы бізге "Олимптің құлауы", "Кеме сарбаздары 2" және "Ақ олеандр" фильмдерінен белгілі.

• 1976 жылы АҚШ-тың оңтүстігіндегі Жаңа Орлеан қаласында Риз Уизерспун дүние есігін ашады. Аламан халық кино актрисаны "Демек, соғыс", "Төрт Рождество" кинокартиналарынан таниды.

Сурет: өңделген

Ж. Өрісбай