Қар мен қар ұлпалары туралы қызықты деректер

1. Ғалымдар кристалл тұзынан жасанды қар ұлпаларын жасауды ойлап тапты.

2. Жер бетінде өмір сүретін адамдардың жартысынан  көбісі  қарды мүлде көрмеген.

3. Ғалымдар осы уақытқа дейін бір -біріне ұқсас қар ұлпаларын таба алмаған.

4. Қар күн сәулесінің 90 пайызын шағылыстырады.

5. Негізінен қар ұлпасының диаметрі 5 мм ,массасы 0,04 граммды құрайды.Осы уақытқа дейін табылған ең үлкен қардың диаметрі - 38 сантиметр. Бұл қар ұлпасы АҚШ –тың Монтана штатына 28 қаңтар 1887 жылы жауған. 

6. Қар ұлпасының 95 пайызы ауадан тұрады.

7. Биік таулар және полярлық аймақтардағы «қарлы  хламидомонада» деп аталатын балдырлар әсерінен қар қызыл немесе қызғылт түсті болады.Бұл қардың дәмі қарбызға ұқсайды.

8. Қар ұлпаларының жылдамдығы сағатына бір шақырымнан аспайды.

9. Қар тек Жерде ғана емес Марс пен Титанда және  Сатурн серігінде бар.Марста қар ұлпалары көмірқышқыл газынан,ал Титанда метаннан жауады.

10. 1949 жылы Сахараға қар жауған.

11.Жапонияда қар ұлпаларына арналған мұражай бар.

12. 19 қаңтар - бүкіләлемдік "Қар күні".

13. Финляндия аумағындағы "саам"  халқының тілінде қар, мұз және олардың түрлерін сипаттайтын 180-ге жуық сөз бар,ал эскимос тілінде 20-дан астам сөз бар.

14. Қардың бір текше метрінде үш жүз миллионнан астам қар ұлпалары болады.

15. Су бетіне түскен қар балықтарға өте жағымсыз дыбыс шығарады екен,бірақ адамдар бұл дыбысты естей алмайды.

16. Жапон халқының арасында өз жеріне жауатын қардың басқа елдерге қарағанда ерекше болатыны жайында аңыз да бар.

17. Алғашқы қардың фотосуреті микроскоп арқылы 1885 жылы түсірілген. Американдық фотограф Уинстон Бентли бұл сәтті кадрды түсіру үшін  46 жылын сарп еткен.



Бөлісу: