Сөздік:«fare» немесе «fee»

Сөздік:«fare» немесе «fee»
жеке
блог

Көлік,ұшақ,такси.Олардың жол ақысын төлейтініміз тағы бар.Ақылы түрде курсқа жазылу, жеке клиникалардан медициналық көмек алу не болмаса ақылы каналдарға жазылу.Бұл қызмет көздері де қаржыны талап етеді.

Ағылшын тіліндегі  «fare» немесе «fee» сөздері ақша төлеу деген мағынаны білдіргенімен,сөздер екі бөлек жағдайда қолданылады.

Fare- [feə] / [фэ́э] – жол ақысын төлеу.Автобус,пойыз,ұшақ және т.б. транспортқа төленетін ақша.Жол ақысын толық төлеу full-fare деп аталса, 50%(жарты ақшасын төлеу) half-fare деп аталады.

Мысал: 1.The bus fare is 90 tenge. Автобус жол ақысы 90 теңге.

2.Several airlines have proposed fare hikes, effective  November 11. Кейбір әуе компаниялары 11 қарашадан бастап төлемдерді көтеруді ұсынды.

3.What's the train  fare?  Пойыз бағасы қанша?

4.What is the fare from Kyzylorda to Almaty? Қызылордадан Алматыға дейінгі жол ақысы қанша?

5.The bus conductor told her to get off because she could not pay the fare.Автобус кондукторы оған  жол ақысын төлемегендіктен автобустан түсуін айтты.

Fee- [fiː] / [фи] – төлем төлеу.Қандай да бір қызмет не еңбек көліміне қатысты төлемдер.Төмен не аз төлемдерді small fee не low fee деп айтуға болады.Ал жоғары төлемді high fee, large fee не big fee.
Мысал: 1.The tuition fees went up this year. Оқу ақысы бұл жылы өсті.

2.Park entrance fees have gone up to 250 Т. Саябаққа кіру ақысы 250 теңгеге  дейін жоғарылады.

3.We pay a monthly fee for cleaning services. Тазалық қызметі үшін біз ай сайын төлем төлейміз.

4.The admission fee for this museum is high. Бұл музейге кіру ақысы жоғары.

5.I'm paying monthly fee for apartment on end of a month. Ай соңында ай сайынғы пәтер ақысын төлеймін.

Қажетті жерге «fare» немесе «fee» сөздерін  қойып шығыңыз.Жауабыңызды төменге қалдырыңыз.

1. The registration ___  per person is 678 tenge.

2. Tickets for the concert are £45, plus a booking ___.

3. I need some coins for the bus ___.

4. Air ___ have shot up by 20%.

5. Children under 14 travel ___.