Қазақстан мен Ресей велоспортты бірлесе дамыту туралы меморандум орнатты

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан мен Ресей велоспортты бірлесе дамыту туралы меморандум орнатты

Кеше Астанада Қазақстан мен Ресей Велоспорт федерацияларының президенттері Дархан Қалетаев пен Игорь Макаров ұлттық және халықаралық деңгейде велосипед спортының даму ісіндегі қызметтестік туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы ҚВСФ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Меморандум мақсаты – кәсіби велосипед спортының барлық түрлерін дамыту мен дәріптеу, ортақ спорт іс-шараларын өткізу және көпшілік спорттың дамуына септігін тигізу.

Қызметтестік шенінде бапкерлер мен спорт менеджерлері, спортшылар үшін оқыту семинарлары ұйымдастырылатын болады, спорт-оқыту мекемелері мен оқыту орталықтарының мәліметтер базасы қалыптастырылып, ортақ сараптама топтары құрылады. Өз кезегінде Қазақстан велосипед спорты федерациясының президенті Дархан Қалетаев қызметтестік меморандумның маңыздылығын айта кетті.

- Біз үшін ресей велоспорт федерациясымен қызметтестік – бұл стратегиялық әріптестік. Біздің елдер – әйгілі кеңес спорты дәстүрлерінің мұрагерлері, біздің ортағымыз көп – ортақ қамымыз, солайша талантты спортшыларды тәрбиелеудегі жалпы тәсілдеріміз. Ортақ жобалар Ресей мен Қазақстанда велоспорт дамуының шапшаңдатқышы болар деген сенімдемін, - деді.

Қос тарап қол қойған қызметтестік туралы меморандумның маңызы жоғары. Спортшылар, бапкерлер мен төрешілер Ресей мен Қазақстанның ұлттық спорт жарыстарына қатыса алады, соның арқасында өздерінің кәсіби біліктіліктерін көтере алады. Допингті қолданумен күресу бойынша ақпаратпен, бағдарламалар мен басқа да материалдармен алмасу саласындағы қызметтестікке де ерекше назар аудару көзделген. 

Сурет: ktf.kz

Оқи отырыңыз

Зарина Диас Серена Уильямспен кездесуі мүмкін

«Дэвис кубогы». Қазақстан құрамасы Италияны жеңді (видео)

Зарина Диас үшжылдық үзілістен кейін ұлттық құрамаға оралды

Зарина Диас: "Олимпиадаға Қазақстан атынан қатысу – мен үшін үлкен мақтаныш болар еді"