Исландия жайлы қызықты деректер 1

1.Қытымыр ауа-райының болуына байланысты Исландия Жер шарындағы  адам қоныстанған соңғы аймақтар тізіміне енеді.Мұнда адамзат баласы біздің дәуіріміздің IX ғасырынан бастап мекен етіп келеді.

2.Рейкьявик – әлемдегі ең солтүстікте орналасқан астана.(Рейкьявик-Исландия астанасы)

3.Исландия тұрғындары әлі күнге дейін батыл эльфтер мен зұлым троллдар бар екеніне сенеді. Құрылысшылар жаңадан жол салу қажеттілігі туғанда фольклор (халық ауыз әдебиеті) мамандарымен ақылдасып, аталған фантастика өкілдерінің кездейсоқ басып кірмеуі үшін жұмыс жасайды.

4.Исландиялықтар өздерінің бақтарына аңыз бойынша жергілікті таулар мен ормандарда жасырынатын кішігірім «хулдуфолк» (жасырын халық) халқына арнап шағын шіркеулер(христиандар қатарына қосамыз деген үмітпен) мен үйшіктер тұрғызады.

5.Исландия парламеті – 930 жылдан бастап өз қызметін осы уақытқа дейін атқарып,жалғастыруда.Қазіргі таңда Исландия парламенті «Альтинг»(жалпы жиналыс) деп аталады.

6. Исландия асханасы әр түрлі тәсілдермен әзірленген  балық және теңіз өнімдеріне негізделген.Атап айтар болсақ, маринадталған  арқан балық(лосось) – гравлакс, маринадталған майшабақ(сельдь), қуырылған және кептірілген хардфискур балығы, аз – маз акуланың бұзылып,иістенген  етінен жасалатын хаукарль тағамы.

Ет тағамдарын жасағанда көбіне қой еті пайдаланылады.Өте танымалы «свид» - қойдың басы тұтастай қақ бөлініп жасалынады, «блейкйа» -  жай қуырылып қана қоймай,көмірге күйдірілген ет, «хангикьот» —қозының қақталған еті, «слатур» —ұсақталған қой бауыры.Тек Исландияда ғана сіз белсенді жанартаулардың жоғары бөлігінде даярланатын «жанартаулық наннан» ауыз тие аласыз.Жиі қолданылатын сүт өнімдері йоругт пен сүзбе дәміне ұқсас және ол  «скир» деп аталады.Жергілікті ұлттық сусыны - «бреннивин»(дәмі вискиге ұқсас).

7.Елде жылқының тек бір ғана тұқымы өмір сүреді.Елдің заңына сәйкес сырттан жылқы тұқымдарын алып келуге тыйым салынған.

8.Елдің өзінің әскери күші жоқ,тіпті,жағалау қорғау күзетіне және полиция қызметкерлеріне суық қару берілмейді.

9.Тұрғын үйлердің суық және ыстық сумен жабдықталуын жергілікті бұлақ көздері мен гейзерлер қамтамасыз етеді.Ондағы судың мөлдір тазалығы сонша,қосымша сүзгі қолданудың қажеті жоқ.

10.Исландия адамдарында фамилия жоқ.Тек әкесінің есімімен аталады. Жаңадан туылған сәбиге есім таңдау үшін арнайы тіркеу бөлімдеріне барып, қалаған есімін  таңдайды,егер ұнатқан есімі болмаса арнайы билік органдарына жүгініп,бұл мәселені келісу қажет.

Сілтемені басып "Исландия жайлы қызықты деректер 2" сатысына өте аласыз.



Бөлісу: