Жапон халқының үздік мақал-мәтелдері

Жапон халқы озық технологияларды толық меңгерген әлемдегі көшбасшы елдердің бірі болса да, өзінің әдет-ғұрып, салт-дәстүрін ешқашан ұмытқан емес. Бүгін назарларыңызға жапондардың ең үздік мақал-мәтелдерін ұсынамыз.

♣ Шешім қабылдап болып ойланғанша, ойланып шешім қабылда.

♣ Жаман адамның досы болғанша, жақсы адамның жауы болған артық.

♣ Қарапайым болмай ұлы болу мүмкін емес.

♣ Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

♣ Ғашық жандар бір-біріне қол мен көздей көмек көрсету керек. Өйткені қол ауырғанда көз жыласа, көз жылағанда қол көз жасын сүртеді.

♣ Алыс жолдың өзі жақыннан басталады.

♣ Төсекте жатып ешкім сүрінбейді.

♣ Тоңған адамды бір жылы сөз жылыта алады. 

♣ Ақымақтар мен есуастарға жол бере салу керек.

♣ Біреуден күдіктенер алдында жеті рет тексер.

♣ Қолыңнан келгеніңнің бәрін жаса, ал қалғанын тағдырға қалдыр.

♣ Қағаздың суға батып, тастың жүзіп жүретін кездері болады. 

♣ Салқын шай мен күрішке шыдағанмен, салқын сөз бен көзқарасқа шыдау қиын.

♣ Он жасыңда - керемет, жиырма жасыңда - данышпан, ал отыздан кейін - қарапайым адам боласың.

♣ Білмегеніңді сұрасаң, бір минут қана ұяласың, ал сұрамасаң, өмір бойы ұялып жүресің.

♣ Бұтақтың суретін салу үшін желдің сыбдырын есту керек.

Сурет: tw.wallpaperswiki.org

Оқи отырыңыз:

Еврейлердің ең үздік мақал-мәтелдері

Тибет ғұламаларының өмірлік ұстанымдары

"Адамдардың жағдайы неліктен жаман?" деген сұраққа жауап берген 5 еврей

Ғабит Мүсіреповтің әйел, ана туралы айтқан ғибратты сөздері