Балалық шаққа саяхат
жеке
блог

Балалық шаққа саяхат

  Бәріміз бала болдық... Сүйкімді болдық...Тентек болдық...Өзімді айтып жатқан жоқпын, анам, әкем, әпкем,тәтем, ағам,әжем, атам сияқты адамдарды меңзеп отырмын. Себебі, өзім әлі балалық шақтың тәтті кезеңінде жүрмін. Ал сіздерге айтарым, балғын балалық шақты естерімізге түсіріп біраз сергіп алайық! Ал, ендеше, саяхатымызды бастауға дайынбыз ба? Кеттік!

 

  • Жапырақтан  немесе әпкеңнің, ағаңның ескі дәптерін қиып алып, ақша   жасап шығару.Бетіне өзіміз түсінбейтін ауқымды сомманы яғни 1000000$, 52333000000тг деп жазу;
  • Балшықтан түрлі тағам дайындау.Құрамында шөп, гүл, бәрі бар;
  • "Ойыншықтар түнде тіріледі",- деген сөзге риясыз сеніп, оларға қамқор болу;
  • Түнде қуыршағыңды жаныңа алып жату, қалғаны ренжімес үшін оларды да жаныңа алып ұйықтау;
  • Кітапты ноутбук қылып ойнау;
  • Жаңа шұлықтың "этикеткасы" біз үшін ашылып, жабылатын ұялы телефон;
  • Өзіңнің, әлдиіңнің киімін қуыршағыңа кигізу;
  • "Менің папам күшті!Ол бәрін жеңеді! Сенің папаңды жеңіп тастайды!"-деген сөздер кімнің есінде?;
  • "Кімнің баласысың?"-деген сұрақ біз үшін әлемдегі ең қиын сұрақ! "Мама" десем папа ренжиді, "Папа" десем мама ренжиді;
  • Мектепке білместіктен үйде киетін аяқ киіммен шығу, білген соң жарты жолдан қайтып кету;
  • Анаң қайда барса, сонда жүру. Кейде көйлегінен ұстап алу. Дүкенге, қонаққа кетіп қалуы мүмкін ғой!;
  • Жазда күні бойы далада, қыста күні бойы аюлар сияқты үйде отыру;
  • Анамыз "Кір үйге!"- деп айқайласа да, кірмейтінбіз. Түнде шаршаған соң, бір-ақ кіру;
  • Түсте ұйықтау, кейде қашып кетіп қайтадан күн шыжып тұрған кезде ойнау;
  • "Мен ертең асық ойнадым" Кімнің есінде? Ертең, кеше деген сөздерді айыра алмау;
  • -Үйден на алып шықшы!                                                                                                            
  •  -Қойшы, қазір кірсем мені қайтып шығармайды!
  • Үстел, орындық, сүлгі, анамыздың орамалынан үйшік құрастыру;
  • Дәу көліктің шет-шетіне отырып, қағаздан қуыршағымызға көйлек жасап, ойнау;
  • Әжеміздің, анамыздың пісірген тоқаштарын далаға достарымызға мақтану үшін шығарып жеу.Ал, достарымыздың "Бір тістейінші!", "Бөліп берші!" деген сөздері есімізде ме?;
  • Көшеде тұрған бөшкелердің  ішіне кіріп ойнау;
  • Қуыршақтың тойын жасау;
  • Түнде жастықты алып, қатты қорқып анаңның жанына барып ұйықтау.
Ал, сіздерде ше? Балалық шақтарыңыз қалай өтті?Күлкілі жайттар есіңізге түссе, қысылмаңыз! Бар ойыңызбен бөлісіп,астына тізіп жазсаңыз болады! 
Саяхатымыз қызықты болды деген ойдамын.Бір күліп алған шығармыз! Көзімізге жас келген шығар!
Бастысы, "балалық шақ қайтып келмейді",-деген сөзді аузыңызға алмаңыз. Балалық шақ санаңыздан кетпесін! Баламен бала болыңыз, доп тебіңіз, жүгіріңіз, "тығылыспақ" ойнаңыз!  Алайда, артық кетіп қалмаңыз!Пайдасы болмаса, зияны жоқ әрекеттер. Бойыңызға қан жүгіреді, әрбір күлген сәтіңізде жасарасыз!  Балаларыңыздың көңіл-күйін көтересіз! Ұялмаңыз! Ұялатын нәрсе емес!