Су перизаты-миф пе әлде......

Су перизаты-миф пе әлде......
жеке
блог

 Жақында көгілдір экраннан бір қызық деректі фильм көрдім.Бұл мақаланы жазуыма да түрткі болған-осы...

 Көпшілігіміз атақты дат жазушысы Ханс Кристиан Андерсеннің "Русалочка" яғни "Су перизаты" деген ертегісін білеміз, білмесек те су перісі туралы жобалаймыз.Өзінің судағы таңғажайып өмірін махаббатқа айырбастаған су перизатының тағдыры соңында қайғымен аяқталады.Бірақ бұл ертегінің астарында не жатыр және оның басты кейіпкері су перісі шын өмірде бар ма деген сұрақ-бүгінгі күнге дейін әлі толық дәлеледеніп,құпиясы ашылмаған табиғаттың тылсым сыры болып отыр.

  Мультфильмде әдемі болып суреттелетін су перілері ежелгі мифтегі суреттеулермен мүлде сәйкес келмейді.Түрлері қорқынышты, шаштары жалбыраған және өте қатыгез болып келетіні айтылады.Су перілері туралы деректер саяхаттаушылардың жазбаларында да кездеседі.Христофор Колумб өзінің алғашқы саяхатында Гвиана жағалауынан біршама алыс жерден үш су перісін көргенін баяндайды.Ал орыстың ұлы жазушысы- И.С.Тургеневтің өз басынан өткерген мынадай қызық оқиғасы бар екен:"Аң аулауды қызықтаған Тургенев бір күні қалың орманға кіріп кетеді.Күннің ыстықтығы сонша, жазушы алдынан шыққан көлшікке сүңги кетеді.Шомылып жатып, кенеттен арқасынан біреу түрткенін байқайды.Айналып қараса...Адам шошырлық кейіптегі әйелдің бейнесі.Тургенев жағаға шығып, қаша жөнеледі.Бірақ әлгі құбыжық сияқты әйел де қалыса қоймайды.Аяғында жолай кездескен қойшының көмегімен әрең дегенде құтылады екен" .

 Осыған сәйкес анамның ауылында болған мына оқиға есіме түсіп отыр."Арыс қаласының Ақ дала деген ауылынан алыс емес жерде тоғай бар.Анам кішкентай кезінде сол тоғайдан өтіп, су таситынбыз дейді.Бір күні көршінің де қызы су алуға сол тоғайға барады.Бірақ артынан бес ит қуғандай қатты қорыққан күйде үйіне әрең келеді.Сөйтсе,тоғай ішінде артынан бір сұлу келбетті әйел қуалағанын айтады".Сонда ол сұлу әйел кім болды екен?

 Су перизатының шынымен өмірде бар екенін дөп басып айта алмаймыз.Суреттеп отырған тіршілік иесі, ақиқатында, су перісі ме, әлде басқа бір бәле ме-ол тек Аллаға ғана мәлім дүние болып қала бермек.