Астана-менің алғашқы махаббатым.......
жеке
блог

Астана-менің алғашқы махаббатым.......

Жазғы демаласымда менің жүрегімде ойып тұрып орын алған,мені өзіне бір көргеннен баурап алып,өзіне ғашық қылдырған Астана атты сұлу да әсем қалаға барғанымды арқау етіп,блогыма осы туралы жазғым келеді.

      Астанаға алғаш рет барғандағы сезімді айтып жеткізу мүмкін емес екен.Әрбір қаланың өзінің аталмыш аурасы,өзгешелігі болатыны рас екен негізі.Астанаға барғанда шынымен де,нағыз"арман қалаға"келгенімді байқадым.

  Астана жас қала болса да,әлемді өзіне қарата алған қала.Мен Астанаға барған кезде ең бірінші Хан Шатырға бардым.Ол өте үлкен кең сарайдай көркем еді.Бұрындары суреттен көргенде үлкендігін елестете алмаушы едім.Дегенмен "жүз рет естігенше,бір рет көр"деген рас екен.Бір көргеннен мені өзіне баурап алды,таңқалдырды.

  Кейінгі барар көрнекі жерім ол әрине Астананың символы-Бәйтерекке аттандым.Биіктігі 97метр Бәйтеректі көргенде не қуаныштан жыларымды,не қуаныштан күлерімді білмедім.

                                       Қандай көркем,кереметсің асыл қалам -Астанам,

                                       Әсем қалам,көркем қалам кербез қалам-жас қалам.

                                       Арман қалам бір өзіңе мәңгілікке табынам,

                                       Әндеріме арқау етіп,әрқашанда жыр жазам.