Ошақтас
жеке
блог

Ошақтас

 Ошақтас ескерткіші Қалқан тауының жазығында орналасқан.

Биіктігі 2 м болатын тастардан тұрғызылған. Қазіргі таңда олардың бастары мүжіліп, құлап, тек үшеуі ғана қалған. Жансерік Ошақтас туралы жақсы мәлімет берді.

 Аңыз әңгімеге сенер болсақ, 1219 жылы Шыңғыс хан өзінің орта Азияны жаулап алу жорығында осында болған деседі. Сол кезде ол өзінің қалың қолын тамақтандыру үшін үлкен тастарды қойып, үстіне қазан орнатқан.

 Екінші болжам - ертедегі адамдар соғыс кезінде Ошақтастың ішіне от жағып, белгі беру мақсатында орнатқан деген болжам бар. Тағы бір болжам, бұл жер бақсылық жасайтын  орын болғанға ұқсайды.