"Бала кезім... саялы Сарыағашым..."

"Бала кезім... саялы Сарыағашым..."
жеке
блог

                                                             Алғы сөз!

         Сәлеметсіздер ме Массагеттіктер!Мен Massaget.kz-пен біраздан бері таныспын. Бірақ тіркелгеніме көп уақыт бола қойған жоқ. Осы сайттан талай дүниеден хабардар болып, білімімді кеңейткендей болдым. Менің сіздерге айтар алғысым шексіз.

           Бұл менің ең алғашқы блогым және ең алғашқы өлеңім. Осы өлеңіммен сіздермен бөліссем деймін:

 

 

 Бала кезім...  саялы Сарыағашым...
 
Балалығым - бал-шырынға батқан кезім,
Қайталанбас өмірдегі тәтті сезім,
Қайғы-мұң жоқ сарылып уайымдайтын,
Құрдасым, бағалай біл әрбір күнін!
 
Бала болар әрбір адам бір-ақ рет
Сол шағыңды бағала, қадірге жет!
Балалықтың құнын біл сен бүгінгі,
Ертеңгі қу қарттығың жетпестен кеп.
 
Байлық-мансап татымайтын бала кезім -
Қызығы таусылмайтын дара кезім.
Десе де, 
"Өмірде кім болуды қалар едің?",
Балалықты мәңгілікке таңдар едім.
 
Бала кезді өткіздім мен Сарыағашта,
Көз алдымда табиғат, ағашы да,
Елестейді ауылым, туған жерім,
Көз алдымда қарты да, баласы да.
 
Сарыағашым-анамдай боп құшақ жайған,
Сүріндірмей, ер жеткізіп, таудай қылған.
Балалығым-теңдесі жоқ күндей болса,
Аспансың сен, Сарыағашым, қорған болған!!!
 

    Бұл менің соңғы блогым емес. Сіздермен әрдайым бірге болып, мақалаларыммен бөлісіп тұруға уәде беремін. Әзірше сау-саламатта болыңыздар!