Астрономдар аспан асты елінде...
жеке
блог

Астрономдар аспан асты елінде...

Астрономдар аспан асты елінде... 

2014 жылы 22 желтоқсан – 2015 жылы 16 қаңтар аралығындағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің физика факультетінің бір топ студенттері Қытай Халық Республикасында бір айлық ғылыми практикадан өтіп қайтты. Қытай дамыған өндіріс пен алға жылжыған ғылымның орталығы. Осы орайда ҚазҰУ студенттері тәжірибе алмасу мақсатымен Қытай ғылым академиясы Шыңжаң астрономиялық обсерваториясында болып қайтты.


Физика-техникалық факультетінің 4-курс Асторономия мамандығының студенті Сұлтанбекұлы Бақтияр:

Біздің ҚХР барудағы мақсатымыз , сол елдің яғни , ҚХР Білім және Ғылым министрлігінен біздің ҚазҰУ-ге білім алмасу мақсатында шақыру хаты келді. Біздің жетекшіміз Көмеш Тоқтархан және 5 студент желтоқсан айының 20 күні Қытай еліне жолға шықтық. Бізді Сол Үрімші қаласындағы Шыңжаң Астрономиялық Обсерваториясына орналастырды . Алғаш барған күні біз өз университетіміз туралы кішігірім слайдпен ағылшын тілінде таныстырдық .Жалпы Қытай елінің білім беру сапасы өте жоғары , мықты деңгейде. Оқимын , өсемін , білім аламын деген адамға барлық жағдай жасалған , ол жұмыс орны күн демей түн демей 24 сағат жұмыс істиді екен. Кез келген уақытта өз жұмысыңды жасай аласың. Біз барған 5 студенке жеке-жеке Магистр немесе PhD бітірген қытай азаматтарын жетекші ретінде берді. Негізінде ол обсерваторияның ерекшелігі онда орналасқан Наншань Радиотелескобы (радиусы 25 метр). Ол Үрімші қаласынан 70 км қашықтықта ,теңіз деңгейінен 2080 метр биіктікте орналасқан. Қазіргі кезде ол телескопқа көптеген дамыған елдер қызыға қарап отыр. Қазір ол телескоп Біздің ҚҰС ЖОЛЫ галактикасын зерттеу үстінде.

Бұл сапардың тағы бір ерекше тұсы бар. «Қарға тамырлы» қазақтың бір өкілі Қытай жерінде қандастарын күтіп алды. Ол - Қытай ғылым академиясы Шыңжаң астрономиялық обсерваториясының ғылыми жұмыстар және халқаралық қатынастар бойынша директорының орынбасары, жұлдыздың қалыптасуы және эвалюциясы зерттеу тобының жетекшісі,астрофизика бойынша PhD, профессор Жарқын Есімбекұлы. Қалың қытайдың ортасынан ғылымның көкжиегін танып, қазақ деген аз ұлтты алыстан танытып жүрген ол кісінің саладағы жетістігі ұшан-теңіз. Отызыншы жылдардың оты шарпыған тұста ата-бабасы паналап барған өлке, бүгін де Жарқын Есімбекұлының өмір сүретін ортасы. Отбасында екі бала тәрбиелеп отыр. Болашақта балаларын елге жіберіп, қазақтың мәдениеті мен білімін бойға сіңіруді арман етіп жүр.

Мұқан Ақерке: Қытайға барған кезде, ең алдымен , қандасымыз Жарқын Есімбек ағайымызға өте риза болдым. Ол кісі өте ақылды, қарапайым, жан-жақты, қазағымздың сегіз қырлы бір сырлы ер азаматы екен. Жарқын ағайымыз бізге көп көмектесті. Уақытын аямай өз білгендерінің біразын болсада үйретуге тырысты. Тек физикамен ғана шектелмей, сонымен қатар ағайымыз демографиямен де қызыға айналысады екен. Жарқын ағай бізге қазақтың демографиясын көбейту жөнінде де көп нәрсе түсіндірді. Осылай, Жарқын Есімбек ағаймыздың қолдауының нәтижесінде, біз Қытайға барып, мол тәжірбиеге ие болып қайттық. Сол үшін өте қуаныштымын. Ж. Есімбекұлы Қазақстандық студенттерді күтіп алып, оналыстыруға, оқытуға көңіл бөлді. Шымылдығын жаңа ашқан жобаның дамуына тың серпін берді. Елден келген қыз-жігіттерге 30 мың теңге көлемінде стипендия тағайындап, жұмыс істейтін арнайы орындар бөлдірді.

Физика-техникалық факультетінің 4-курс Асторономия мамандығының студенті Сұлтанбекұлы Бақтияр:

Менің ол жақтан алған әсерім өте күшті , білімімді жетілдірдім десем , қате айтпаған болар едім . Енді осы білімімді өз университетімдегі студенттерге уйретуге дайынмын.Қазіргі таңда ол обсерваторияның біздің Физика Техникалық факульетімен байланыс орнатуға қызығушылығы артып отыр . Біздің ел үшін де университетміз үшін де білім алмасу артық болмас , сондықтан бұл іс жемісті жалғасын табады деп сенемін. Екі ел, екі ғылым мен білім орталығында енді ғана қолға алынып жатқан жоба алғаш рет аспан асты елінде өтті. Келесі кезек Қазақ елінің еншісінде...


Мақаланы дайындаған ҚазҰУ журналистика факултетінің 4 курс студенті Арайлым Әкім