Дәурен Қуаттың «Мүйіз тарақ» әңгімесіне рецензия

Дәурен Қуаттың «Мүйіз тарақ» әңгімесіне рецензия
жеке
блог

 Қасымова Балжан, қазақ филологиясы мамандығының 1 курс магистранты

Бұл шығармада «Өткен шақ синдромы» басым десе болады. Әңгіме өткен күн мен бүгінгі күнді салыстыру әдісімен жазылған. Сол екеуінің арасындағы дәнекер –  «мүйіз тарақ». Әңгімені оқу барысында басты кейіпкердің жастық шағындағы балғын шыбықтар мен бүгінгі теректерді салыстырып беруі  кейіпкер өмірінде өткен уақыт пен қазіргі кезең арасында көптеген өзгерістердің болғандығын көресетеді. Мысалы, «Кешкі іңір мен түннің суық түсін ұзағырақ ұстап қалатын жұқа әйнектердің ар жағынан алып теректердің діңі қарауытады. «Бір кезде бұл теректер балғын шыбықтар еді. «Қазір тіпті үйдің төбесіне шығып алып шулайтын болды», - дейтін кемпір осы ауылдағы бәрінен биік шынарлардың өз бағында бой салып өскеніне мақтанғандай.» «Бір кезде» және «қазір» сөздерінің арасында қандай оқиғалар болғандығын әңгімемен танысу арқылы білуге болады.

Өткен уақытты сан есімдермен бергенмен, нақты берілмеген. Себебі басты кейіпкер  есінде қалған оқиғаларға сәйкес еске түсірген. Ал басты кейіпкер - ошақ пен төр арасында «шоқаңдап сырғып күнелтетін кейуана.Қарт адамдардың тез ұмытшақ болатыны ұтымды сипатталған.  «Осыдан бес, алты жыл... жоқ, одан әріде-ау, шамасы, Тойшаным еккен талдардың жапырағын көрші көлеңнің ешкі-лағы жалмап қоймасын деп қорып жүретін. Енді, міне, қатты жел тұрып, шайқалғанда ұшар басы үрей шақырып, ту биіктен төнеді.»  Тойшан атты кейіпкер кім? Оның басты кейіпкер өміріндегі рөлі қандай екенін шығармадан көруге болады.

Әңгіме ары қарай да өткен шақта еске түсірумен өтеді. Яғни мүйіз тарақты не үшін қолданды? Бұлықсып бойжеткен шағында ағасы Тұрсынахметтің сыйға тартқан күміс тарағы қайда деген сұрақтарға жауап беріледі. Осының барлығын есіне түсіре отырып, кейіпкер «Е-е, ол да бір заман екен ғой.» деп күрсінгендей болады. Өткен күніне, күміс тарақтан айырылған күнге дейінгі бақытты күндерін есіне түсіреді.

Шығармада қазақ халқының үлкенді сыйлайтын ерекше қасиеті де қылаң береді. Балиғатқа жаңа толған қарындасын қырыққа таяған қырма сақалды жігітке ұзатып жібергенде, қарындасы қарсы шықпайды. Ағасының - Ақботам-ау, - деген сонда ағасы бұны бауырына басып тұрып, - ата-анаңа қарайлап, мұнда қалғанда күнің не болады? деп қарындасының болашағына алаңдауы аға мен қарындас арасындағы бауырмалдықтың қандай дәрежеде болғадығын көрсетеді. Ағасының тағдыры қалай өрбігендігі ары қарай «Кейін...» сөзімен басталып сипатталады. Осылай басталғанынан да ағасының тағдыры түсінікті шығар.

«Қос жүрек» атану  тіркесі әңгіме кездеседі. Оның қандай мағына беретіні қызықты болса шығарманы оқуға болады.

 «Ах, дариға, дүние-ай» тіркесімен дүниенің өткіншілігіне деген адамның дәрменсіздігін осы шығармада ерекше көрсете білген. Осы басты кейіпкердің ағасына қатысты оқиғада әсерлі суреттеген.

Қазақи таным да әңгімеде орын алған.  Мысалы, «Келіннің асы дәмді, қолы ашық». Бірақ бұл тіркес өзгелер үшін сылтау ретінде қолданылған . Себебі ауылдың басшы-қосшылары жоғарыдан ұлық атаулы келе қалса, ұлардай шулатып тобымен осында әкелетін. «Дөкейлердің бірі құлын етіне жерік» сөзі кейіпкерлерге қалай әсер етті? Құдайдың бір қызығы, бір кереметі бола білген құлындары еді. Кейде сол кереметін кереметке ұластырып, алтын түкті аймаңдай құлын бұның алкеудесіне тұмсығын сұғып, ұмсынатыны бар. Анасындай көреді. Сонда, жас әйелдің алпыс екі тамыры иіп, әлдебір таңсық күйге елтитін. Яғни, құлынның тағдыры қалай өрбіді? Құлынның кейіпкерге  бауырындағы баласындай болуына не себеп?

Әңгімеде жалпы түркі халқына ортақ  әйел адамның ерін өзінен бір саты жоғары қойып, сыйлайтын дәстүрі көрініс табады.  «Әйелі еріне қараған. Ері «бар» дегендей басын изеген» деген сөйлем кездеседі.

Қазақ қыздарының, әйелдерінің бойындағы ерекшеліктер өте тамаша суреттелген: «Шай құйысы қандай сәнді. Бір қырындап қонақтарға кесе ұсынған кезінің өзінде мөлт қара көздерін кірпігімен жасыра қояды.», Басында қызыл шәлі. Үстіне кең, молдау етіп пішкен батсайы көйлек киген. 

Әңгімеде көрініс табатын мәселе : «Сәбет әйелдері еркін, ашық болуы керек. Сол үшін алдымен мына басыңыздағы жаулықты сыпыра салыңызшы.» . Бұны адамды басыну деп түсінген кейіпкер қысылып кетеді.

Осы сәтте күміс тарақтан қалай айырылып, қалай мүйіз тараққа ие болғаны сипатталады. «күміс тарағын ойлап күрсінетін әйелге сәбет дүкенінен екіжүзді: бір жағының тісі сирек, келесі жүзінің тісі тығыз, мүйіз тарақ жолыққан.»

«Жүдеу басының айызын қандыра тырналады». Бұл сөйлемде кейіпкердің ішкі күйігін басқысы келгенін түсінсе болады.

Ең соңына таман кейіпкердің өткен шақты тек еске алмай,  мүлде өткен шаққа психологиялық тұрғыдан кетіп қалғанын көрсе болады: «Балам аман, бауырым бүтін. Тойшаным. Томпиып алып ұйқыны соғуын-ай өзінің? Алаңсыз. Алаңсыз ұйықта, аймаңдай құлыным менің.»

«Мүйіздеп бітірген тағдырына мәңгілік мойын ұсынған» кейіпкердің тағдыры осылай өткен шақты еске ала бергеннен, қайғыға батып кеткенін көрсек болады. «Өткен шақ» синдромы шығармада жақсы сипатталған десе болады. Өткен шақ – бұл осы шақтың тірегі және болашақтың ажырамас бөлшегі десек те, өткен шақ жайлы ойлау – мұң мен көз жасына орануға себепші болса, оны өзіңнің ойыңнан аластату керек екенін түсінуге шақыратын шығарма ретінде ұсынуға болады.