Мәңгілік ел
жеке
блог

Мәңгілік ел

Мәңгілік елімнің алтын діңгегі
Шығарма
Жоспары
1. Тәуелсіздік туралы ой
2. Қазақ деген кім?
Барлық халық пен барлық ұлт және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті. Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып құрметтеп оларды сүйе білуге тиіс.
Бауыржан Момышұлы.
Тәуелсіз елім-туған жерім
Тәуелсіз жерім-байлығым менің.
Тәуелсіздік-менің күш-қайратым едің.
Мәңгілік елім-мақтанышым менің!
Мәңгілік елім-қуанышым менің.
Тәуелсіздік пен Мәңгілік-
Қос қанатым едің.
Мәңігілік елім-жыр-ұраным менің!-деп жырласам да аздық етеді.
Тәуелсіздік деген-ұғымды естігенді-отбасым еске түседі. Өйткені -желтоқсанда мен дүниеге келгенмін. Тәуелсіздік күні туылғасын, Мейрамгүл, деп- Өмірбай көкем қойған. Міне, содан бері – жыл өтті. Тәуелсіздік күні-менің туған күнім.
Елбасымыз, Тұңғыш президентіміз-Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев:
Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, мемлекетімзді нығайта беру үшін бізге ең әуелі бірлік қажет.
Қазақтар талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ, өмірге деген құштарлық, азаттық аңсары, еңсесі түскен елді қайыра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды.
Менің арманым-Қазақстанның «Мәңгілік Ел» болуы. Заман өтеді, адамдар өтеді, бірақ тәуелсіздік қалады.
Толық тәуелсіздіктен толық эканомикалық тәуелсіздік болған кезде ғана болады.
Мұстафа Кәмәл Ататүрік.
Қазақ қандай халық деген сұраққа Қайырбай Төреғожа өлеңмен жауап берген.
Қазақ кім?
Қазақ кім осы, қазақ кім,
Ойыма барлау жасаттым.
Ішінде талай пісіпті,
Қып-қызыл шоқтай азаптың.
Басқа емес, сірә, мына мен,
Жауыңды қуған құламен.
Бабама біткен түз-тағдыр,
Маған да білем, ұнар ең.
Азаптың да бар ғажабы.
Азаттық үшін көргенің,
Деді ме Ием аз әлі.
Дөңгелеп жатқан дүние,
Тарылған жылап, күйіне.
Шетіне елдің жау тиіп,
От қойған киіз үйінде.
Қалың қол ығып азымнан!
Өртеніп жанған киіз үй,
Мың жара болып жазылған.,
Батырлар қорғап Тұранын,
Жорықта туған жыр-әнім.
Жолымда тәңір болысқан,
Көкбөрі менің ұрпағым.
Қадыр Мырзалиев атамыз «Ел және мен»
Осы жерді тәңірменен теңелгем.
Осы жерде қуанышқа кеңелем.
Атамды да ажыратып аларсың,
Алайда сен бөле алмайсың мені елден!
Желтоқсанда аппақ қырау құрсанған,
Жаздыгүні жаңбырдан соң бусанған
Бөле алмайсың мені мына даладан-
Бөле алмайсың ақ селеуден,
Жусаннан.
Менің Отаным-Қазақстан. Бұл ел Еуразияның орталығына орналасқан. Бұл еркін адамдар елі. Қазақстан таңғаларлық әдемі жер. Халық өкілдері бейбіт тұрып жатқан ел. Мен Қазақстанды өте жақсы көремін.

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Төреғожа.Қ.
Мен білген күндер: Өлеңдер, дастан, әндер және сықақ өлеңдер.-Кокшетау: «Мир печати», ЖК Устюгова Н.Ф., 2017.-208 б.
2. Қадыр Мырзалиев.-Үш томдық шығармалар жинағы.-Алматы: Жазушы, 1989ж.- 3т.- Өлеңдер мен поэмалар жинағы.-1990.-432 бет, суретті, п.
3. ҚАЗАҚ ТІЛІ жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған/КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК для старшаклассников и студентов/Справочное пособие под общей ред. д.ф.н. А. С. Сейдимбека, Редактор-составитель В.Франк-Алматы: Балалар шығармашылығы мен балалар баспасөзінің мемлекеттік емес мекемесі/Негосударственное учреждение детского творчества и детской прессы «БОЛАШАҚ БАЛАПАНДАРЫ», 1999-150с.
4. Ақылдың кені/құраст. Қ.Жарықбаев.-Алматы:қазақстан, 1991.-256 бет.

 

 

 


Пайдаланған әдебиеттер:
Тынымбай қызы Мейрамгүл
87056587586