"Ертіс" клубынан 5 футболшы кетіп қалды

Еркебұлан Қайрахан Корреспондент
"Ертіс" клубынан 5 футболшы кетіп қалды

Павлодарлық "Ертіс" футбол клубынан бес ойыншы кетіп қалды, – деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды. Олар: Тимур Байжанов, Матвей Матвиенко, Алтынбек Дәулетханов, Антон Деркач пен Артем Волков.

БӨЛІСУ

Порталдың мәліметінше, командадан кеткен бұл бес ойыншының барлығы да - Павлодар футболының тәрбиеленушілері. Енді олар "Спартак" (Семей) командасында өнер көрсетеді.

"Олардың ішінен Дәулетхановты негізгі құрамаға алмақшы болған, бірақ футболшыға оның жарақаты кедергі жасады. Ол жарақат алғаннан кейін қалпына келіп үлгермей, командасымен бірге құрамаға бара алмады", - деп хабарлайды портал.

Айта кетейік, бұл бестіктің арасындағы Байжановтың да 2013 жылы "Қайрат" командасына тартылғаны белгілі. Алматылықтар одан зор үміт күткенімен, ол 13 ойынға қатысып, маусым аяқталғаннан кейін "Ертіске" оралды.

сурет: tengrinews.kz