жеке
блог

Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары

Таңертеңгі уақыт
Алия (менің сыныптасым) сабаққа асығып дайындалып жатып, алда мамасының туған күні келе жатқанын айтты: "Зейнеп Ахметовананың кітабын жақсы көретін. Жақында екінші кітабы шыққан еді, соны алуым керек" деген. Сол жерде неге екенін ұмытып тұрмын, кітап сататын апаға мен қоңырау шалатын болдым. Ойда ештеңе жоқ. Әдетімше амандасып: салематсызба, З.Ахметованың кітабы бойынша соғып тұрмын...
А: қандай кітабы?
Мен: екінші шыққан кітабы?!
А: Қандай екінші кітабы? аты бар шығар?
Мен: атын білмедім...
Мәә, сол кезде теледфон тұтқасының ар жағындағы Айгүл апай* қалай ұрыса кетті десең... «Ешқандай кітап оқымайсыңдар, ештеңеден хабарын жоқ...» деген тұстары әлі есімде. Әйтеуір, осындай мағынадағы сөздер кетіп жатты. Көңілім быт-шыты шыққан күйі қоңырау аяқталды. Оған Алия да көмектесе алмады. Басым салбыраған күйі сабаққа кеттім. Кейін ғаламтордан мәліметтер қарап, Алматыкітап дүкенінен "Шуақты күндердің" орысшасын тауып алып, оқуға кірістім. (себебі кітаптың қазақшасын кез келген дүкендерде сата бермейді) Арада бірнеше күн тастап, тағы Айгүл ханыммен телефон арқылы келіскем. Жолығатын күнде келді. Кітап туралы біраз ақпарат жинап, қандай сұрақ қойса да жауап беретіндей дайындалып барғам. ХD Есік ашылды, жарқын жүзді апа ашты. Сөзінде еш қаталдықтың ізі жоқ. Ұрыс естуге дайындалған ішкі сезімім бірден орнына түсті. Осыдан біздің таныстық басталды да кетті. Кейін апамен бір ұшақта болдым. Бекет атаның басына да бір күнде бардық. Зейнеп ападан да қолтаңба алдым. "Шуақты күндер" расымен шуақты күндер алып келді. 

Менің осы кітаптармен таныстығым осындай оқиғамен басталған. Енді кітаптарға сәл тоқтала кетсем болады. 

"Шуақты күндер" кітабында Зейнеп апаның келін болып жүрген кездеріндегі оқиғалар баяндалады. Ал келесі кітап "Бабалар аманаты" - аты айтып тұрғандай бабаларымыздың айтып кеткен өсиет, өнегелері, Бауыржан атамыздың келініне айтқан ақыл-даналығы, Зейнеп апамыздың өзінің өмірден түйгендерін қамтиды. Бұдан кейінгі шыққан үшінші кітап-"Күретамыр". Жалпы, күретамыр- адам ағзасындағы қанды жүректен алып шығып, дене мүшелеріне тарататын тасымалдаушы басты қан тамыры болып табылады. Сол секілді бұл кітапта да қазақ халқының басты салт-дәстүрлерінің маңыздылығы, шығу тегі туралы жазылған. 

Бұл кітаптарды барлық жастағы, көбінде қыз-келіншектер, тіпті ақ орамалды әжелерде сүйіп оқитынын білемін. Егер де әлі оқып көрмеген болсаңыз, тездетіп алып, оқуға кеңес беремін. Әрине, өкінбейсіздер. Сәттілік!

*Болатханқызы Айгүл - "Шуақты күндер", "Бабалар аманаты", "Күретамыр" кітаптарының редактор-корректоры. Қажет болса, фэйсбук парақшасына жазылсаңыз да болады. Керемет посттар жазады. 

https://www.facebook.com/profile.php?id=100001131787363 

менің инста парақшам: @bekmuratkyzy.altynay (сурет өзім түсірген)

Жұлдызды блогтар