Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Махаббат рельсі#1

Махаббат рельсі#1

Махаббат рельсі#1

Плацкарт вагонда ұйықтап жатқан Ерлан көзін ашқанда, пойыз əлдеқандай бір станцияда тоқтап тұр еді. Жоғарғы орындардың бірінде жатқан ол төменге қарағанда сүйкімді бір қыз өзінің сөмкелерін жайғастырып болған еді. 

- Сəлем! - деді Ерлан оған қарап жымиып. 

- Сəлем! - деп қыз да сыпайылық үшін ғана жымиды.

- Қай станциядамыз?

- Бауыржан Момышұлы туған жерде, - деп қыз өзінің достарына сөйлегендей тұспалдай салды. 

- Түсінбедім? 

- Жуалыдамыз, - деген кезде пойыз асықпай жүріп бара жатқан еді. 

- Есіміңізді білуге бола ма? 

- Болмаса қайтесіз? 

- Ештеңе етпеймін. Жəй, жолымыз бір болған соң танысып отырайық дегенім ғой, - деп Ерлан өзіне тосыннан қойылған түйеден түскендей дөрекі сұраққа абдырап жауап берді. 

- Лəйлі! 

- Мəжнүн қайда? - деген Ерланның да сұрағы оған онша ұнай қоймады. Бірақ бұл жолы дөрекілік танытпай, сыпайы жауап қатты:

- Ол бір құдайға аян! Мен оны əлі жолықтырғам жоқ, - деп Лəйлі жоғарыдағы өз орнына жайғасты. 

- Мүмкін, оны жақын арада кездестіресіз.

- Не? - деп Лəйлі Ерланның сөзіне түсінбей қалды. 

- Маңызды емес. Сіз Жуалыдансыз ба? 

- Иə. Сонымен, сіз көріпкелсіз бе? 

- Көріпкелге сенуші ме едіңіз? 

- Жоға, сіз...

- Мен көріпкелге ұқсап тұрмын ба? 

- Ашығын айтқанда... - деп Лəйлі кідіріп қалды да, - Иə, - деді. - Сіз менің болашағымды болжап отырсыз ғой, бəрін білетіндей болып, - деп кекесінмен айтылған сөзді Ерлан тура мағынада қабылдады. 

- Қызық екенсіз!

Олар ұзақ үнсіз қалды. Лəйлі сөмкесінен кітап алып оқи бастады. Ерлан смартфонын ақтарып, ақыры, жалыққан соң Лəйліге:

- Не оқып отырсыз? - деді. 

Лəйлі оған басын бұрып:

- Агата Кристидің "Ғайып болған миллионын," - деді. 

- Қызық! Детективтік жанрға қызығасыз ба? 

- Мен жанр талғамаймын. Мені сюжет қызықтырса, оқи беремін. Бірақ көбіне классикалық шығармаларды оқимын. 

- О, жақсы! Сіз "Мөлдір махаббатты" оқып па едіңіз? 

- Иə, сіз де оқыдыңыз ба? - деп Лəйлі ынталана сұрақ қойды. 

- Əрине! 

- Қалай? Сізге ұнады ма? 

- Иə, қатты əсер алдым. Тіпті, Бүркіттің орнында өзімді елестетіп, қиналып кеттім.

- Мен де оны оқып отырып жылап алғанмын...

- Сіз шын ғашықтар қосылмайды дегенге сенесіз бе? - деді Ерлан Лəйлінің көзіне тура қарап. 

- Сенбеймін. Себебі, адам нені шын қаласа, ол оған міндетті түрде қол жеткізеді. Ал сіз қалай ойлайсыз? 

- Білмеймін. Мен өз жауабыма сенімді емеспін. Бірақ шын сүйгендер қосылса, Бүркіт пен Бəтес те бірге болар еді ғой...

- Жоқ. Бұл автордың кейіпкерлерге жасаған қиянаты ғана. Ал шын өмірде олар қалай болса да бірге болады,  - деп Лəйлі дес бермеді. 

- Мүмкін, солай шығар, - деп Ерлан терең ойға батты. "Мен оны ұнатып қалған сияқтымын. Біз бірге бола аламыз ба? Əлде осыдан соң мүлде көріспейміз бе?" - деген ой оған маза бермей қойды.

Олар жол бойы əр түрлі кітаптарды талқыға салып, əңгіме айтып келді. Арасында қалжыңдасып, бірге тамақтанып та алды. Оларды сыртынан қарағандар бақытты жұп екен деп сүйсініп жатты.

Кеш батты, таң атты. Астанаға жетер кезде олар сөмкелерін жинап, қамданып жатты. 

- Əттеген-ай! - деді Ерлан. 

- Не болды? - деді Лəйлі. 

- Сізді қимай тұрмын. Бір тәулік ішінде бауыр басып қалып едім, - деді Ерлан күрсініп. - Енді жолығамыз ба, жолықпаймыз ба? 

- Қойыңызшы, - деді Лəйлі жымиып. - Кеше айттым ғой. Адам нені шын қаласа, ол оған міндетті түрде қол жеткізеді. 

Аз үнсіздіктен соң:

- Мына кітап сізге менен естелік, - деп Лəйлі өзінің жақында ғана жарыққа шыққан кітабын Ерланға өз қолтаңбасымен сыйға тартты. 

- Рақмет! - деп Ерлан ұзақ уақыт үнсіз отырды да, ақыры, бар жігерін жинап: - Нөміріңізді бере аласыз ба? - деді. 

- Ау? - деп Лəйлі қағыс естігендей болып, түсінбей қалды.

- Нөміріңізді беріңізші!

Лəйлі жымиды да, сөмкесінен қағаз іздеп:

- Сізде парақ бар ма? Менде жоқ екен, - деді Ерланға қарап. 

- Менде... Мына кітапқа жазып беріңізші...

- Жоқ, кітапқа жазуға болмайды, - деді Лəйлі. 

- Онда жейдемнің жеңіне жаза салыңыз, - деді Ерлан. 

- Қалжыңдап тұрсыз ба? 

- Жоға, рас айтамын. 

Лəйлі Ерланның жеңіне нөмірін əдемілеп, əрі анық етіп жазып берді. 

Əне-міне дегенше, пойыз да Астанаға жетті. Вокзалға келіп тоқтаған пойыздан Ерлан мен Лəйлі бірге түсті. 

- Сізді біреу күтіп алушы ма еді? - деді Ерлан. 

- Жоға, өзім жетіп аламын, - деді Лəйлі. 

- Онда мен сізді таксиге дейін шығарып салсам, қарсы болмайсыз ба? 

- Əрине, келісемін. Өзім де мұндай таң қараңғысында жалғыз жүруге қорқамын, - деді Лəйлі. 

Ол екеуі тағы да əңгімелесіп, қалжыңдасып, алаңсыз бақытты болып келе жатты. Бір кезде:

- Лəйлі! - деген жігіт дауысы олардың қуанышын су сепкендей басты. Анау жерде көліктің рөлінде отырған жігіт көліктен түсіп, олардың алдынан шықты. - Қалайсың? - деп Лəйліні құшақтамақ болды. Дегенмен, Лəйлі тартынып тұрды. 

- Қайдан жүрсің? 

- Сені қарсы алуға келдім. 

- Менің келетінімді саған кім айтты? 

- Жандос. Бұл кім? - деді ол Ерланды иегімен меңзеп. 

- Бұл - Ерлан, менің досым. 

- Ерлан, бұл - ағамның досы Бауыржан.

- Жігітім деп айт, - деді Бауыржан қыстырылып.

- Өз орныңды біл, сен тек ағамның досысың, - деді Лəйлі оған. 

- Жарайды. Жүр, кетеміз, - деп ол жол сөмкелерін алып көліктің жүксалғышына салып жатты. 

- Сау болыңыз! - деді Лəйлі Ерланға. 

- Сау болыңыз! - деп Ерлан кетіп бара жатты. 

Бір-біріне қимастықпен кері бұрылып, ұзақ қарап тұрды. Лəйлі қол бұлғап қоштасты. "Ерлан не ойлады екен? Ол маған хабарласа ма?" - деген ой құшағында. 

- Лəйлі! Не күтіп тұрсың? Жүр, кеттік, - деп Бауыржан оның білегінен қысып ұстап, алып кетті. 

Ол екеуі екі жаққа кетсе де, вокзалда олардың көзбен ұғынысқан сырларына қанық болған куəгер қос рельс тұрды. Осы рельс бойында жүріп, сезімге берілген өздері айтқандай "қандай жағдай болмасын бірге бола алатын шын ғашықтар" бұл рельске өздерінше "Махаббат рельсі" деген ат берді. Қатар тұрса да, бір-бірінен бірнеше метр қашықтықта орналасқан қос рельс бірге болмаса да, бірнеше километрлерді қосады. Сирек жағдайда болса да, қос рельстің кейде бірігіп кететін кезі де бар. Сол бақыт бұл екеуге бұйыра ма екен?! Ол бір құдайға аян! Лəйлі Мəжнүнін таппаса да, Мəжнүннен кем түспес ақ боз атты ханзадасын жолықтырды десек те, бір сəтте оны жоғалтып алды. Абайсызда, инедей ғайып болған бұл махаббат өз сабағын іздеп əлек. Бірақ шын махаббат ғайып болмайды, жоғалса табылады. 

        Жалғасы бар....

Рейтинг: +4

Жазылған уақыты: 11 ақпан, 15:22
Пікірлер
+0
13 ақпан, 00:33

Өте керемет...əсерлі.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.