"Жыл селфиі" жарты күннің ішінде 20 мың лайк жинады

"Жыл селфиі" жарты күннің ішінде 20 мың лайк жинады

Кеше ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильин Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен селфи жасап, оған "Жыл селфиі" деген сипаттама берді. Селфи жарты күннің ішінде 20 мыңнан астам лайк жинаған. 

Ақорданың баспасөз қызметі Instagram-дағы ресми аккаунтында селфидің қалай түсірілгенін жариялады. Селфи Астана қаласындағы "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналып өткен салтанатты жиын кезінде түсірілген. Жиында Елбасы қазақстандықтарды Тәуелсіздік мейрамымен құттықтады. 

Материалға tengrinews.kz ақпараты пайдаланылды 

М. Оңғарова