Ойыншық қонжық
жеке
блог

Ойыншық қонжық

  Алисада одан қалған ойыншық қонжық қана болды. Күні-түні сонымен сөйлесетін. Үйдегілер оны ауру деп те ойлады. Бірнеше рет ауруханаға да көрсеткен. Бірақ оларынан түк шықпады. Алисаның дені сау. Ешқандай да аурудың белгісі көрінбейді. Кешкі сағат тоғыздар шамасы. Алиса əдеттегідей бөлмеде қонжығымен бірге

- білесің бе қонжық, адамдар мені ауру деп ойлайды. Иə, мен аурумын бірақ сыртым сау. Кей кездері өзіме қол жұмсасам ба деп ойлаймын. Бірақ сенімен басқа сөйлесетін адам жоқ. Сені жалғыз қалдыра алмаймын ғой.

- білесің бе, қонжық? Өмір сүруді үйреніп келе жатқандаймын. Өмірді жылдап, апталап емес, күнделікті сүру керек екен. Осыны түсіндім. Себебі ертең, немесе бір аптадан соң не болатынын білмейсің ғой.

Осыны айтты да Алиса қонжығын құшақтап ұйықтап кетті.

****

Таңғы сағат алты. Алиса күннің көзімен жағаласып тұрды. Тез-тез жуынып таңғы асын ішуге отырды. Анасы жүмыртқа мен шұжық пісіріп қойыпты.

- Алиса, бір кесе сүт ішіп ал- деді анасы.

- жарайды, анашым.

Сүтін ішті де мектепте асыға жөнелді. Түндегі Алисадан күндізгі Алиса мүлдем өзгеше.

***

Бірінші сабақ басталып кетті. Химия сабағы. Алисаға бұл мүлдем ұнамайды. Əйтеуір тыңдаған сияқты отыр. Күтіп отырғаны қоңырау дауысы. Міне, көп күткізбей олда соғылды. Тезірек сабақты бітіруге асыққан Алиса сыныптан шықпады. Жалғыз отыр. Оның қасына 2 жылдан бері ешкім отырмайды. 2 жыл бұрыңғы оқиғадан кейін Алиса жалғыз отырғанды жөн көрді. Ешкіммен сөйлескісі де келмейді.

***

Алиса тағыда қонжығымен отыр.

- білесің бе? Менің сыныптастарым көөп. Күндіз жанымда достарым көп сияқты, ал кешке ешкім жоқ. Өзімді жалғыз сияқты сезінемін. Тағыда біреуге ұнағым келеді. Тағы да сүйгім келеді.

Бұл сөздерді қалай айтқанын өзі де білмей қалды. Кішкене кідірді де

- қонжық? Мен достықты емес махаббатты қалаймын. Бəрін ұмытқым келеді. Себебі бəрі өтті кетті. Өткенге қайта орала берудің қажеті жоқ. Бүгінмен сүру керек. Бүгінмен!!!!

- Алиса, түс қане, кешкі ас ішеміз,- деген дауыс қонжық екеуінің əңгімесін бөліп жіберді.

- қазір, анашым, қазір!

***

Кешкі асын іше сала бөлмесіне көтерілді. Қараса қонжығы еденде жатыр. Құлақтары жыртылған, көздері қисайып кеткен. Бұған не болған деп ойлады. Түк түсінбеді. Қолына ине мен жіп алып қонжығын тіге бастады. Бірер минутта қонжығы кеше ғана сатып алған сияқты болып қалды.

- енді ұйықтай беруге болады...

***

Таңертең күндегіше Алиса қаладан бұрын тұрып алды. Бүгін далаға шығып серуендемекші. Спорттық киімін киді де далаға шықты. Қонжығын да ұмытқан жоқ. Жүгіре отырып ескі саябаққа жетті. Бұл жерде əлі ештеңе өзгере қоймаған. Бəрі бұрыңғыны еске түсіріп тұр.

- қонжық, егер бұрыңғың өмір сүруге кедергі келтірсе не істеуге болады. Егер қаланың əр бір жері өткенді еске түсіре берсе, қалайша жаңаша өмір сүруге болады? Бəрін қалай ұмытуға болады? Айтшы қонжық? Қалайша? Сен білу керексің ғой, қонжық?!

Осыны айтты да қонжықты бар күшімен жерге лақтырды.

***

Таңғы ас үстінде

- Алиса, көңіл-күйіңе не болған?

- жай, анашым. Дұрыс ұйықтай алмаған сияқтымын. Жарайды мен кеттім мектепте барайын.

-жақсы,- деді анасы

****

Алиса мектептен ерте оралды. Келе сала еденде жатқан қонжығын көтерді. Бүгінгі соққы ауыр болған сияқты. Құлағы жыртылып, көзі түсіп қалыпты.

- Сенен құтылатын уақыт келген сияқты,- деді де Алиса қонжықты гаражға апарып, үстіне бензин құйып, өртеп жіберді. Бұл қонжық Алисаның бар сырын білетін. Өткен өмірінің бөлшегі еді. Енді олда жоқ. Қонжық күлге айналып əп сəтте жоқ болды. Енді Алиса ішіндегі бар сырының өртеніп кеткеніне қатты қуанып, жаңа өмір бастамақ болды. Бірақ, бір жағынан жүрегі ауырғандай. Өмірінің бөлшегі енді қасында жоқ. Енді кіммен сөйлеспек?!

 Ертесінен мектепке келе сала сыныптастарына қасына отыра беруге рұқсат етті. Бірақ ешкім жоламады. Бəрі бəз баяғыша жалғаса берді.

"мүмкін менің ішімде тағы да сыр қалған шығар? Жоқ, мен бəрін өртедім" осы сөздерді Алиса ішінен бірнеше рет қайталады.

Үйіне келе сала Алиса бөлмесіне кіріп алып өксіп жылады...

Күнде өмірі бұрыңғыдай сырғи берді. Алиса өткенін қайта-қайта ой елегінен өткізеді. Мен нені ұмыттып? Қай жерді айтпадым? Қай жерді өртемедім? Деген сұрақтар күнде мазалай берді.

Алиса шынымен өз-өзінен қорқа бастады. Күн сайын өзгеріп отырды. Мұның арты жақсылыққа апармайтынын ол сезді. Шаршады, шалдықты. Өз-өзіне қол жұмсамаққа бел байлады...

Кешкі сағат он. Анасы үй жинап жүр. Алиса білдіртпей далаға шығып кетті. Қаладағы ең үлкен мостқа келіп үстіне шықты.  Көп ойланбастан Алиса көпірден секіріп кетті.

***

Анасы Алисаның бөлмесін шаңсорғышпен тазалап жүрген еді.Кенет шаңсорғышы істен шықты. Ішіне бірнəрсе тұрып қалған сияқты. Ашып қарап еді. Ішінен бір көз тауып алды. Бұл қонжықты көзі. Қоқыс жұтатын тесікке тұрып қалыпты. Анасы көзді алды да терезеден лақтырып жіберді.

***

Алиса көзін ашса жағада жатыр.

- бұл не болғаны? Мен тірімін бе?

- иə, ақымақ қыз. Не істемек болдың?-деді бір жігіт күлімсіреп. Бұл оның құтқарушысы сияқты.

- сіз кімсіз?

- мен сені құтқарған адаммын. Маған рахмет айт.

- рахмет,- деді де күлімсіреді.

- менің есімім Алек

- Алиса

- бұндай күйде танысқанымыз қызық болды. Бірақ мен сонда да қуаныштымын. Жата бересің бе? Жүр үйіңе апарып тастайын.

Осыдан бері Алисаның өмірі күрт өзгерді...

                                      "Өткенді ұмыту үшін, жаңаны естеліксіз бастау керек"