Аты жоқ əңгіме-6

Аты жоқ əңгіме-6
жеке
блог

Теміржол. 

- Билетіңізді көрсетіңіз, - деді жолсерік Мақпалға. Ол билетін көрсетіп, пойызға мінді.

 Өрт сөндіру бекетінен Дəулет асыға шығып, көлігін айдап кетті. 

Вокзалда Мақпал мінген пойыздың жақын арада жүретінін диспетчер хабарлап жатты.

Дəулет вокзалға жетіп, жүгіріп келе жатыр. Мақпалды тоқтатқысы келеді. Ол пойызға жеткенде, пойыз жүріп бара жатты. Əйтеуір, мініп үлгерді-ау! Бір вагоннан екінші вагонға көшіп, əр купеден Мақпалды іздеп жүр.

- Мына қызды көрдіңіздер ме? - дейді оның суретін көрсетіп. Ешкім де "көрдік" демеді. Дəулет тағы бір купеге келіп:

- Мына қызды көрдіңіз бе? - деп бір сұлуға суретті көрсетті.

- Иə, бұл - менмін, - деді қыз. Бірақ ол Дəулеттің түріне мəн бермеген. 

- Мақпал, кетпеші, - деді Дəулет. Купедегілер аң-таң. 

Мақпал Дəулетті құшақтап алды. Аздан соң:

- Ал, пойыздан қалай түсеміз? - деді.

Пойыз жүріп бара жатса да, жолсерік оларға бақыт тілеп, вагон есігін ашты. Дəулет алдымен жол сөмкесін лақтырып, содан соң Мақпалмен пойыздан секіріп кетті. 

Олар жерге құлады. Орнынан тұрған соң Мақпал:

- Маңдайыңды жаралап алыпсың ғой, - деді Дəулетке. Сөмкесін ашып, - Мен қазір, таңып беремін, - дегенде, сөмкесінен іші ақ ұнтаққа толы қалташа түсіп қалды.

- Мүмкін, енді бұның саған керегі жоқ шығар, - деді Дəулет.

- Керегі жоқ.

Дəулет қалташаны лақтырып жіберді. Ол есірткі еді. 

Ол иығына Мақпалдың сөмкесін асты да, Мақпалды иығынан құшақтап, екеуі жаяулатып қалаға қарай кетіп бара жатты. 

Өрт сөндіруші жігіттің махаббаты - осылай!