Қоштасу...
жеке
блог

Қоштасу...

Жазғы демалыс... Біз асыға күтетін алаңсыз күндер. Биыл да мен бұл уақытымды елордада өткіздім. Осында өткізген үш айым үш күндей боп өте шықты. 

Қаншама көңілді күндер, мені күлдіре беретін Тастемір жездем, маған сеніп алаңсыз жүре беретін Разия əпкем, қырсық жиенім Əбілмансұр, бүлдіргі қыз Айару - бəрі, бəрі менің жүрегім тұрмақ, бауырыма еніп кетті. 

Бурабайға екінші рет баруым - осы демалыстағы жаңалықтарымның бірі. Ол туралы өткен блогтарымның бірінде айтқан болатынмын.

EXPO-2017 көрмесіне баруым - тағы да бір жаңалық. Төрткүл дүние көз тіккен бұл көрмеге барудың өзі - бір бақыт. Онда көптеген мемлекеттердің бірнеше павильондары болғанмен, олардың бірнешеуін ғана аралап үлгердім. 

Балалармен өткізген əрбір күнім маған өзінше бір ғажайып еді. Олардың тəтті қылықтары мен сөздері баурап алады ғой, шіркін. Бірақ, көп нəрсе бүлдіргені үшін ұрыса беруші едім. Енді оларды қимай отырғанымды қарашы. "Əпке, сені ренжіткен кезім болса, кешіргейсің!"

Кешкі серуенге шыққанда анадай жерден көзге түсіп, сыртынан қарағанның өзінде сүйсіндіріп тұратын сарбаздар да менің ойымнан тыс қалған жоқ. Иə, ондай сарбаздарды көргенше қайдааа уақыт?!

Бəріне алғысым шексіз! Менің көңілімді аулап, барынша қуантқан əпкем мен жездеме үлкен рақметімді айтамын. Мен сендерді ренжітпеуге тырыстым жəне сендерге жасаған қолғабысым да сендерді қуантты деп ойлаймын.))

Міне, уақыт зулап өтті. Бүгін мен жолға шығамын. Санаулы сағаттар... Сағат тілі тықылдап, менің көңілімді босатып тұр. Састөбеге кеткелі тұрмын. Жүрегім-ай! Жылағым келіп тұр... Бірақ неге жылаймын? Келемін ғой!

Келесі демалыста көріскенше, Астана. Мен бəріңді сағынатын боламын!!!