Сәби қиялы (арнайы тапсырма)
жеке
блог

Сәби қиялы (арнайы тапсырма)

Иә... Қарлығаш Досанованың  "Сәби қиялы " шығармасын оқыған боларсыздар?!  Өте әсерлі сөздермен зерделеніп, оқырман жүрегін селт еткізері қаһ. Өз ойымды айтпас бұрын оқырман сізге сұрақ қойғым келеді. Массагетпен дос болғалы, ғаламдық тордағы өмірім бір жола өзгерді. Баяғы Нұрлыхан жоқ! Ол-өлең шығармады, блог жазуды үйренді. Екі ай-да біршама дүние жаздым. Сапалысы бар, сапасызы бар. Бірақ біреуі жүрегіңізді тербетті ма?! Тосын сауал:  Сіздің ағаңыз не ініңіз қарындас, бауырыңыз  бұл дүниеден жоғалып, мүлде басқа әлемге аттанса қандай хат жазар едіңіз? Өз ойыңызды жазыңызшы...

Шығармамен қалай таныстым. Қателеспесем, әпкем 9-сынып оқиды ғой деймін. Аудандық проза оқу байқауна дайындалып жүрген. Бір күні бәрімізді жинап, оқып берді қалай шықты, кемшілігі бар ма дегендей... Менің аузым ашылып қалды. Ашылмай қайтсін, жүрегіңді зуылдатып бара жатса. Сол кезде есімде қалғаны "Автор: Қарлығаш Досанова, және Нұрғайша апай" деген сөз. Ұлан газетіне мақала жолдамақ болғанмын. Қарлығаш апай суретін жібер деп хат жазған да ол кісінің ҚАРЛЫҒАШ  ДОСАНОВА  екенін есіме алдым. (Бұрын неге ойламадым екен) Сәйекесінше мен де оқушылар фестиваліне дайындалып жүргенмін... Апай... Сізден бір нәрсе сұрайыншы... Сіздің бір прозаңыз бар ғой... Нұрғайша апай деген кейіпкері бар, соны жіберіңізші... Апай оны қайдан білесің? Қайдан таптың деп сұрақ қойып, ертесіне жіберді. Оқып келемін... оқып келемін... тұра хат жаған жеріне келдім де, көзіме мөлт үймелеп алып, өзегіме бір деңе тығылып алды да бастап кеттім.Ұзақ отырдым... Мектептің мәжіліс залы суық, шығармадан соң жаураған денем жылынып, өзгеше күйге ендім... Апайым келіп, неге даындалмадың?-деген де үнсіз парақтарды ұсындым. Ұстаз оқып алып мөлейіп қатып қалған. Кім жазды мұны? Не деген суреттеу? Бұл ғажап қой! Осыны жатта байқаудан бас жүлде аласың!  Менің бірақ  бұл шығарманы ешкіммен бөліскім келмеді. Себебі- жұрттың жүректері біздіңкідей емес қой!

 Шығарма желісі өте  көркем тұнып тұрған мөлдір кәусәр су  секілді. Сусаған адам түсінеді ғой... судың қадірін. Заманның қатал заңы мен шарасыз жанның жарасы қалың көкеге деген махаббатын түсінесіздер ме? Ал әкенің баласына деген... ананың ше? Бала кезден ұялас күшіктей өскен бауырдан айырылу қандай жаман екенін сезініп көрдіңіз бе?  Арманы асқан адамның бір сәтте жоқ болуы ше...Қаумалаған досарының  үстінен су құйғандай, індемей сынып бөлмесінде шуыл дыбысы шықпай, үнсіздік орнағы? Меңіреу уақыт! Ойлаңызшы... сағынып жүрген адамыңызға хат жазсаңыз, оны пошташы, хат жолданбайды десе етекке жас алудан басқа қандай амал бар? Жан дүниең өртеніп... бірін жек көру! Сағыныш шымшып... тауға қашқың кеп! Саябақтағы қызық  мүлде ұнамай! Өткен күндер құлағыңда  минаның шырылдауындай шақырап тұрса...Төрдегі домбыра иесін іздеп тұрса! Қызының жазған хаттары, көңілді түсірсе. Тынштық! Жаңғырық! Тек қана қоңырау сылдыры. Әлемді меңзеңдік билеген. Қуаныш.Қайғы.Арман. Сағыныш . Төртеуі төр жақтан жаныңды жегідей жеп барады...Көгершіндер, көкеме хат жазсам апарады ма екен?  Қарныдасы ағасының  домбырасын кірлетпей ұстап, үйірмеге баруы  "Періштелер әлеміндегі" ағасы үшін қалай болар екен?

Жаным бауырларым аман болыңдаршы... сендерді періштелерге бергім келмейді. Тек меніңкісіндер!

 

 

Сәби қиялы

 Қаладағы үлкен мектептердің бірі. Сынып бөлмесі.Мектеп бітіргелі отырған түлектер. Әдебиет сабағы.

 Көктемнің шуақты күндерінің бірі болса да, әр бір шәкірттің жанары бейне бір дауылдан кейінгі көңіл күйін көрсеткендей.  Әрқайсысы дараланған ойдың тұмшасында.  Әншейінде шуылдасып отыратын-ды.Енді жым-жырт. Неге бұлай?

Нұрғайша апай сыныпқа кіріп келген де, балалар өре түрегеліп, апай бас изеген соң орындарына жайғасты. Әр бұрыштан кітап беттерін асығыс парақтаған дыбыстар естіле бастады. Алайда Нұрғайша апай үй тапсырмасын сұауға асықпады.м Сөмкесінен әлде бір қос парақты шығарды. Біраз сәтке терезе жаққа мойын бұрып үнсіз отырды.  Балалар да сұраулы жүзбен апайларына қарап қалыпты. Нұрғайша апай сыныпты көзімен шолып өтті де, баяу үнмен сөйлес бастады.

 Балалар мына қолымдағы шығарманы үшінші сыныптың оқушысы жазған. Есімі Айжан. Оны бәріңде жақсы танисыңдар. Ол сұм ажал ерте айырған  "ине шаншу" деген бәледен көз жұмған Асқардың артында қалған жалғыз қарындасы ғой.  Әркім өз тілегін жазсын дегенімде,  сегіз жасар сәбидің осыншалық жан тебірентер шығарма жазады деп ойламап едім,  Ал Асқардың өліміне не себепші болғанын өздерің жақсы білесіңдер. Өмірдің тайғақ  кезеңдерінен бейхабар бала көңілі не ұқсын?!-деп ұстаз көңілі босап кетті.  Басын көтеріп шәкірттерге қайта қараған да, шкірттерінің өзінен көз алмай, үрпейісіп қалғанын көрді. "Шынында да не жазды екен?" деген ішкі сауал әрбір шәкіртті мазалап тұр еді. Нұрғайша апай терезе жанына келді де:

   -Шығарманы оқып берейін ар жағын өздерің сараптай жатарсыңдар деді

  -"Мен қысқы демалыста "Ертегілер әлемі" деген ктапты оқып шықтым. Сонда бұрыңғы замандакөгершіндер алыс жерлерге хат тассығанын білдім. Қандай қызық! Ондай көгершіндер  қазір де бар емес пе? Бірақ ешкім де оларға хат бермейді.Неге? Біздің үйдің шатырында неше түрлі көгершіндер мекендейді. Қазір хат жазып , оны көкеме апарып беріңдерші десем, қалай болар екен?Адасып кетпейді ме екен? Өйткені пошташы Жұмакүл апай көкеңе хат бармайды деген.Оның мекен-жайы жоқ дейді. Сол үшін де жазған хаттарымды талай мәрте қайтарып берген. Ал менің көкеме айтар жаңалықтырым өте көп. Өзін қатты сағынып жүрмін. Жпазған хаттарымды  анама көрсеткенмін. Оқымай жатып, мені құшақтап алып ұзақ жлады. Соңғы кездеі көп жылайтын болып жүр. Бір түрлі аяп кетемін. Әкем болса, үнсіз бұрылып кетеді. Көкем бар да қызық болатын. Ол "перішелер әлеміне " кеткелі үйде өте көңілсіз. Көкем мені қыста шанаға мінгізіп алып сүйретіп, ал жазда көлге шомылуға апаратын.Енді онда періштелермен ойнайтын шығар? Көрші Димашпен таласып қала береміз, түк қызық емес.Көкеме хатты  былай деп жабақпын: "Көке өтінемін, қайтып келші! Енді мазаламаймын. Ақылды қыз болып өсіп келемін. Рас айтам. Анам солай дейді. Осы сөзді анам айтқан сайын, әкем сізге реніш айтады. Жаман балалармен дос болған. Сөйтіп сізді ақымақ болған дейді, Сол үшін кетіп қалыпсыз ғой. Неге? Мені жалғыз қызым дейдіАл көкемше десем, үндемейді." Мен қазір қуыршақтарма көйлекте тікпейтін болдым. Әке-шешемді ренжіткім келмейді.Әкем сізге ренжісе де қатты сағынып жүр. Төрдегі домбыраға қарай береді.

   "Асқарым тірі болса, атақыт күйші болар еді?!-дейді. Содан бері көрсетпеді ғой. Көке неге жаман балалармен дос болдыңыз? Кеше Дана әпкемен Азат аға саябаққа ертіп барды. Сізбен барған әдемірек көрінетін. Бұл жолы тез қайтқым келді. Бірақ олай деп айтпадым, ұят қой. Көке сіз қуырылған картопты ұнатушы едіңіз ғой? Сондықтан анам пісірген кезде,  сізге арнап біраз қалдырып жүрмін. Хатымды да, артопты да сізге, өзіңіздің көгершіндеріңізден беріп жібермекпін. Ертеректе көгершіндер хат тасыған дейді ғой. Кешіріңіз, бірақ көгершіндер оны көтере алмайды. Мүмкін, сол себепті өздері жей салатын шығар?! Мейлі, жей берсін, олар сізге менің хатымды апарады емес пе?!  Тағы бірдеңе айтсам бола ма? Мен сіздің домбыраңызбен үйірмеге барып жүрмін, кірлетпеймін рас айтамын. Ауырып қалмаңыз, жылы кйініп жүріңіз жарай ма? Уақытыңыз болса маған да хат жазыңызшы. Маған ешкім де хат жазған емес. Жазбасаңыз да ренжімеуге тырысамын. Періштелер көкемді ренжітпеңдерші, өтінем!

  Міне Айжанның шығармасы осылай аяқталды,-деп Нұрғайша апай бір сәтке үнсіз қалды.Асқардың келбетті жүзін кө алдына елестетумен болды.Әттең қыршын жас, қандай өнерлі өрен еді. Бір сәттік есерлерге еліктеушілігінен, өкініштің өртіне оранды.Қайта сесін жия алмады. Сөйтіп өзіне ең аяулы жандардың өміріне мәңгілік қайғы әкелді.

Иә... Бір ғана сәт... Кешірілмейтін қателік.Сынып ішінде мүлгіген тыныштық. Сыңғырлаған қоңыраудың үнін Нұрғайша апайдан басақ ешкім елемеді.

 

Қарлығаш Досанова