Аты жоқ әңгіме - 4

Аты жоқ әңгіме - 4
жеке
блог

Тағы да бір күн... Көңілсіз Мақпал терезеге телміріп, далаға қарап отырды. Меңіреу адамдай күй кешіп, күйзелген ол тіпті өзіне не керектігін де білмейді. Бәрін ұмытып қалған сияқты. Кенет ол орнынан ұшып тұрды. Ол ауруханаға келе жатқан қолында бір құшақ гүлі бар бұрынғы жігітін көрді. Тысқа жүгіріп шығып:

 - Ерлан, - деп оны құшақтап алды. Ішіне толған шер мен сағыныш тамағына тығылған өксікпен атып шықты. Еңкілдеп жылай берді, жылай берді. Анау жерде Дәулет бұларға қарап тұрды. 

 - Қалайсың? - деді Ерлан.

 - Мені қойшы, өзің қалайсың? - деп Мақпал оның бетін сипап, көздеріне қарай берді.

 - Кешірші мені!

 - Кештім, кештім бәрін! Сен де мені кешір!

 - Жыламашы, - деп, Ерлан Мақпалды жұбатты да, кейін тартыншақтап, - жарайды, мен асығыспын. Кетуім керек. Сау бол! - деді.

 Мақпал не күлерін, не жыларын білмеді. Артынша Дәулет келіп:

 - Сәлем! - деді. - Анау кім?

 - Ерлан, бұрынғы жігітім.

 - Гүлді сол берді ме? - Мақпал бұл сұраққа басын изеді. Дәулет: - Оны лақтырып таста, - деп оны Мақпалдан алып, қоқысқа тастады. - Не болды? Ол бірдеңе деді ме? - Олар орындыққа отырды.

Ертеңіне Ерлан тағы да келді. Дәулет оны тоқтатып:

 - Кім керек саған? - деді.

 - Сүйіктіме келдім.

 - Сүйіктіме? - деп Дәулет мысқылдай күлді. Содан соң ашулы түрмен: - Көзіңді құрт, жоғал бұл жерден.

 - Түсінбедім. Маған бұлай сөйлейтін кімсің сен? 

 - Мә саған! - деп Дәулет ызаға булығып, Ерланды жұдырықпен қойып қалды. Ерланның мұрны қанап тұрғанда соңғы көрініске куә болған Мақпал жүгіріп келді.

 - Мақпал, ол сені алдап жүр. Кеше мен оны басқа қызбен көрдім. Ал сен оған әлі сенесің бе?

Ерлан оларға мысқылмен қарап:

 - Әлі бұл сені өлтіріп қояр, бауырым. Сонда бұл нашақормен жолыққаныңа өкініп те үлгермессің, - деді де кетіп қалды.

Мақпал жерге тізерлеп отырып, егіліп жылады.

 - Мені неге құтқардың? Мұны естігенше, өлгенім артық еді ғой.

 - Тұр. Ол сенің көз жасыңа тұрмайды. Онысы әлден-ақ белгілі болған, - Дәулет Мақпалды тұрғызып, құшақтады.

 Түн. Бәрі шырт ұйқыда. Мақпал терезе алдына барып тұрды. Екінші қабаттан секіріп өлмек болған еді, бірақ оны кезекші медбике аман алып қалды.

 - Не істеп тұрсыз? - деп медбика жүгіріп келді.

 - Өмір сүргім келмейді, шаршадым бәрінен, - деп Мақпал осы сөздерді қайталай берді.

 

 -