Бүгін - Инстаграмның туған күні

Бүгін - Инстаграмның туған күні

Осыдан төрт жыл бұрын алғаш рет Instagram фото және видеоқосымшасы пайда болды. Бұл қосымшаны өңдеу Сан-Францискода Кевин Систром мен Майкл Кригер атты студенттердің жобасынан бастау алды.

2011 жылдың қаңтарында бұл қосымшаға хэштэгтер қосылды. Сол жылдың қыркүйегінде қосымшаның 2,0 нұсқасы әзірленіп, фильтрлер, суреттің бұрышын өзгерту мүмкіндігі, опциондық шекаралар қосылды.

2012 жылдың сәуірінде Android платформасына арналған нұсқасы шығып, тәулік ішінде миллионнан артық рет жүктелген екен. 9 сәуір күні Facebook Instagram фотоқосымшасын 1 миллиард АҚШ долларына сатып алатынын жариялады.


2013 жылдың маусымында бұл қосымшада жаңа мүмкіндік пайда болды: 15 секундтық видео жазу.

2010 жылдың желтоқсанында Instagram желісінде 1 миллион адам тіркелген болса, жарты жыл өте адам саны 5 миллионға жетті. Қыркүйек айындағы көрсеткіш бойынша бұл санақ 10 миллионға жетсе, 2012 жылдың наурызында пайдаланушылар саны 30 миллионға жеткен екен. 2013 жылдың ақпан айының соңына қарай Instagram 100 миллион тіркелген адам бары екенін жариялады.


Бүгінде инстаграм қосымшасы ең көп пайдаланылатын желілерге жататыны бәрімізге мәлім. Ал сіз инстаграмда отырасыз ба? Бұл сұрақты форумда талқылауға қосылыңыздар!

Дайындаған: Фариза Әбілова

Сурет: thenewsit.ru, blog.iyogi.com

Ф. Абилова