Алғашқы қар...

Алғашқы қар...
жеке
блог

– Бүгін бізде алғашқы қар жауды. Сен есіме түстің. Қылаулап жауған қарды қатты ұнатушы едің ғой. 
– Ал сен мені қарға құлатпайыңша көңілің көншімейтін. 

*** 

Жеті жыл... арада жеті жыл, қаншама шақырымдар болса да алғашқы қар жауған күні Ол міндетті түрде қоңырау шалады. Айлап хабар алыспай кететін екеуінің арасын жалғайтын – алғашқы қар. Сондықтан Олар қысты, қарды асыға күтеді. Аппақ қар – кіршіксіз бала көңілдің, сезімнің белгісі. Бірін-бірі қарға шомылдыра алыса ойнаған бал күндер, кітап толы сөмкесін сүйрете үйіне дейін жеткізіп салатын кездер қазір тек естелік қана. Тәтті естелік... енді ешқашан қайта оралмайтын... 

Мектеп бітірген соң бірге ойнап, бірге өскен Олардың жолы екіге айырылды... қолдары да... Армандары бір болғанымен, екі бөлек жолға түсті. Жолдар... жарыса жүгіріп ойнаған жолдар... болашаққа бірге жоспар құрған жолдар... өмір жолымыз да бір болады деген сыр мен сертке куә жолдар... Ауылға бірнеше жыл салып оралған Олар сол жолдармен соңғы рет бірге жүріп шықты... үнсіз... Жолдары енді қайта тоғыспасын екеуі де білді. 

Қар жауып тұр... бірақ бұрынғыша қар атысып ойнамады... 

*** 

Бұл алғашқы қар Олардың арасын жалғаған жетінші әрі соңғы қуаныш болды. Сол қыста Оның үйіне келін түсті. Көп ұзамай Ол да босаға аттады. 

Қар жауып тұр... перзентхананың терезесінен табиғаттың тамашасына таңдана қараған оның ойын қоңырау үні бөліп жіберді. 
– Жолдамын, сәлден соң боламын. 

Аппақ қар... жолдар... 

Адамның емес, Алланың қалауы болады... 

(Мағжанның қарындасы) 

Бүгін жаздың алғашқы күні... аппақ гүлдер сол ақ қарға ұқсайды... алғаш жауған ақ қардың ғұмырындай бала махаббатқа...