Таңның ағарғанын байқамаппын..

Таңның ағарғанын байқамаппын..
жеке
блог

    "Махаббат қызық мол жылдар" атты Әзілхан Нұршайықовтың кітабын оқыған боларсыз, иә? Менде күні кеше ақыр аяғы трагедиямен аяқталатын романды аяқтадым. Ұйқыға таңғы сағат 5:05-те жаттым. Себебін түсінген боларысыздар.  Иә, кітаптың қызығына түсіп таңның қалай атқанын білмей қалыппын. Мен бұрын соңды теңеудің түбін түсере жазған шығарманы оқып көрмедім бе, әлде басқасынан осы кітап асып түстіме білмеймін, осы уақытқа дейін тамсанудамын. Әрбір оқиғаны оқырманға түсінікті етіп, кеңінен түсіндіре жазылған шығармаға айтылған сынды да, мінді де оқыдым. "Әзекең" ол сұрақтарға да ұтымды жауап беріпті.      

Дәл қазіргі заманда, қыздар бақа есеппен күйеуге тиіп, жігіттер бай-шонжардың қызын алуға ұмтылған уақытта, дәл Меңтай мен Ерболдай шын ғашықтар кем де кем. Олардың махаббаты баяндалған әрбір сөйлемді қызығып, қызғанып оқыдым.    

       Өз басымыздан өтпесе ештеңені түсінбейміз ғой деп ойлаушы едім. Дегенмен, Әзеке оқырманды сол кітаптың кейіпкеріне айналдырып жіберетін "сиқыршы " болып шықты. Көз алдыма сонау соғыстан кейінгі қазақ студенттерінің өмірі елестеді. Әр түрлі мінез-құлық суреттелді. Адалдық пен арамдық, уәдеге беріктілік, шынайы достық асқан шеберлікпен бейнеленді.  

  Алған әсеріммен сіздермен бөліскенді жөн деп таптым да осы блогымды жаздым.

Оқығандарыңыз болса сіздерге қояр сұрағым бар еді... 

Осы романнның қалай аяқталғанын қалар едіңіздер?

Өзіңіз осы романның кейіпкері болғыңыз келген сәттір болды ма?

Оқымаған болсаңыз оқуға кеңес беремін.