Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мен енді жыламаймын...

Мен енді жыламаймын...

Мен енді жыламаймын...

  Бақыттан басым айналып, махаббатқа мас күнім еді. Малшындырып өткен салқын жаңбырдай,дәл төбеме түскен жайдың оғындай суық хабар ,көкте қалықтап жүрген мені .мынау пенделер мекендеген жалған тірлікке атып түсірілген шүрегейдей ,балшыққа былш еткізіп құлатып түсірді.Әке-шешемнің жол апатына ұшырап, ауыр қалда жатқанын естідім.Тұрмысқа шыққалы жатқан жігітім де, той болғалы жатқан мейрамхана да жайына қалды. Такси ұстай сала ауруханаға ұшып келемін.

  Жүзі қуарып жігітім де жетті артымнан. Іле-шала болашақ ата-енемде келді. Ал менің әке-шешеме ота жасалып жатқан еді.  Біраздан кейін дәрігер де шықты;
  -Ағаның екі аяғын тізеден жоғары кесіп тастауға тура келді...
  -Шешеме не болды,айтыңызшы,өтінемін!-,деп мен жыламсырап сұрай бастадым.
  -Ол кісінің бет әлпетінен он шақты әйнек сынықтарын алып шықтық. Қан көп кеткен. Қан құйып жатырмыз,-деді дәрігер.

 Ұлы да, қызы да мен едім әке-шешемнің. Алланың берген жалғызымын .Ауруханадан шығарып,үйге әкеліп өзім күтіп жатырмын.Шешем жүйке ауруына шалдыққанға ұқсайды. Ұзақ уақыт бойы бір нүктеге тесіліп отырады да қояды. Кейде әп-әдемі, ас әзірлеп,кір жуып, әкеммен қалжыңдасып... Әкем болса екі аяғынан айырылғанымен қоймай сал болып қалды. Көтеріп дәретке отырғызып, жас балаша өзім жуындырамын. Еркек адамға бұндай деген өте қиын екен. Өзін-өзі жеп, көз алдымда нашарлай бастады. Ақырында мүлде тамақ ішкенді қойып сұлық жатып алды. Жедел жәрдем ауруханаға алып кеткен еді. Инемен тамақтандырып байқап едіболмады. Ауруханадан мәйітханаға ауыстырылды.
 (жалғасы бар) 

1
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 27 желтоқсан 2016, 00:56

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.