жеке
блог

Кешкі әңгіме 11-бет

  Граг-қызметші---адамдарға әзірге бөтендердің әлеуметтік қарым қатынастарын түсінудің сәті түспеді, бірақ ол қызметшінің міндетін атқарады---шай мен тамақ әкелді. Ол бұл жолы дастарқанды  Анатолийдің қуанышына орай,көрінетін қарапайым үстелге жайды. Граг үшін қуырылған ет пен шай, ал Анатолий үшін шығыс тәттілері мен шай әкелінді.Грагтардың заталмасу үрдісі адамдардікімен ұқсас болуы керек, бірақ адамдардың тағамын оның көзінше жегенін көрмепті. Тек қана шай ішкенін көрген.
  - Біз сіздердің планеталарыңызға тап болғанда өте таңырқадық,-деді Дкар  сол уақытта. Бір кесек етті аузына салып жіберіп. Қабырғаға қарады-сол сәтте қабырғадан терезе пайда болды; шыныланбаған,жылы мәскеу кешіне шалқасынан ашылған. Қызық, бұл қабатта бетон қабырғалар қалды ма екен, әлде граг техикасымен бәрі өзгеріске ұшырады ма?
  -Таңырқадық?- Қазір екі айға созылған шиеленіс шешілген соң Анатолий баппен әңгімелесуге дайын болатын.
 -Әрине. Ғарыштың бұл аймағы зерттелмеген болып табылмайды. Бұл жермен Тиуалардың жол тораптарының бірі өтеді... олар өте бір қызық  қосмекенділер нәсілі, өкінішке орай олар жер жыл санауы бойынша жетпіс жыл бұрын бұл материалдық әлемді тастап кеткен.
  -Өліп қалды ма?-нақтылады Анатолий.
Жоқ, жоқ!-наразылық білдіріп басын шайқады граг.-Жоқ! Өте дамыған нәсіл. Бос кеңістіктен жұлдыздар мен планеталарды жасай алатын. Биологиялық тіршілік иелерінің даму шегіне жеткен . Олар тіршіліктің басқа дәрежесіне өтіп кеткен, біз олардың жаңа болмысын түсінбей...әзірге түсінбей жатырмыз. Мүмкін олар өздеріне қолайлы жаңа Әлем жасап алған шығар,кім біледі? Бос қалған аймаққа басқа өркениет , солардың қатарында біз де бармыз қоныстана бастады... біз өте асықпайтын нәсілміз, біз үйде отырып тіршілік туралы ойға берілгенді жөн көреміз... бірақ бола жаздаған апат  бізге жұлдызды экспансия қажеттігін көрсетіп берді. Біз бос қалған  Тиуа планеталарын алғымыз келіп еді,енді оларға керегі жоқ қой, кешігіп қалыппыз.
  Граг үндемей терезеге қарап қалды.
  -Барлық Тиуа планеталары қоныстанып қойылған болып шықты...оттекті ауа қабаты бар жылы планеталар-өте сирек кездеседі... Содан кейін біз Жерді ұшырастырамыз! Біз ұзақ ойландық, неге Тиуа қарамағындағы планетада артта қалған ақыл-ой иелері тіршілік етеді, неге олар планетаны жаулап алмаған? 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі