Тракторлардың биі

Тракторлардың биі

Бұл біртүрлі болып көрінуі мүмкін, бірақ төрт бірдей трактордың би билеуі ақиқат дүние...

Тек мұнда бір ғажабы, әртүрлі іс-қимылды адам емес, трактордың жасайтыны. Farmall жағалауында (тракторлардың би билеуіне арналған танымал жер) жүрген Лори Мейсон-Шмидтің айтуынша, Айова штатына қарасты Немаха елді-мекенінің тракторлары әртүрлі мерекелерде бастары қосылып, би билеп тұрады екен.

Төрт трактордың би билеуі сонау елуінші жылдардан таралған. Сол уақыттарда трактор жасап шығаратын International Harvester жарнама компаниясы енді ашыла бастаған тұс екен. Ал биге оралсақ - сол уақыттарда жаңа үлгінің артықшылықтарымен мақтануға тамаша мүмкіндік болып көрінген.

Фермерлерге бұл идея ұнағанымен, тоқсаныншы жылдардың басына дейін азшылықтың арасындағы кішігірім дүрмек болып келген-ді. Ал міне 1999 жылдардан соң, Немаханың жүз жылдығы тұсында тракторлардың биі көзге ілініп, көп жұртшылықтың бағалауына ие бола бастапты.

International Harvester компаниясы аталған іс-шараның ресми демеушісіне айналып келеді. Қазіргі таңда тракторлар АҚШ-тың кез келген елді-мекенінде би билеуде.

Олар осы бір алып машинада билеп қана қоймай, бұл жүрістерін үшінші жүріспен орындайды. Тракторлардың жасы - қырық пен алпыс жас аралығы.

Тракторлардың биі - дәл қазіргі күнде мерекелер мен той-жиындарда сауық-сайранның ең бір қызық түрі саналады. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: latifundist.com

Л. Лига