Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Кешкі әңгіме . 7-ші бет

Кешкі әңгіме . 7-ші бет

 Кешкі әңгіме . 7-ші бет

-Рақмет!-деді Анатолий.
   Кеудесіне симай тарсылдаған жүрегімен ол дәліз бойынша келе жатты. Граг-күзетші шарға қарауын жалғастырды. Мүмкін шұғыл байланысты іске қосу қажет шығар? Немесе кездесуден бас тартып, елшіліктен шығып кету керек пе? 
 
  Жоқ. Болмайды. Дұрысы өзіңді түк те болмағандай ұстау керек.
  Және де бөгдепланеталық әріптесінің жасаған күтпеген сияпатын жасырмағаны дұрыс.
  Грагтарда есіктің орынын ауыстыратын жарғақ Анатолийдің алдынан айқара ашылды, ол маңызды елшінің кеңсесіне кірген соң қайта қалпына келді .
  -Сәлем ,құрметтім"- Елші жарты ай пішініндегі стөлінен тұрды.- Сізді сау көргеніме қуаныштымын, Анатолий!
  Тұрды-бұл әншейін айтылған сөз. Бойын тіктеді. Ұзарды! Зорайды! Граг отырған кездің өзінде бойы бойшаң адаммен бірдей. Ал тұрған кезде-үш метрлік , қорқынышты құбыжыққа айналады.
  Бірақ ол туралы бұлай ойлаудың керегі жоқ ...құбыжық емес,  әріптес! Кім біледі, мүмкін грагтар ойды оқи алатын шығар?
   -Сәлем, Дкар!-Анатолий  бейне бір талайдан бері көрмеген досын кездестіргендей шын жүректен күлімсіреді.-Сіздің денсаулығыңыз қалай? Туыстар үшін қайғыңыз бәсеңдеді ме?
  Осымен амандасу ғұрыпы орындалды да, екі жақтың биік мақсатта келісушілері орындық па,диван ба белгісіз жұмсақ бөстекпен қапталған жіңішке бірдеңеге отырды.
  -Мен президенттің кезекті ұсынысын әкелдім, деді Анатолий. Өте жақсы ұсыныс!
  -Мен өте әлсіз қызығушылығымды білдіремін, - байыппен жеткізді граг.
  -Қараңызшы.-Анатолий портфелінен картаны алып шығып. Ауада ашып жатқанда астынан көрінбейтін-қолмен де ұсталмайтын -тірек пайда болғанда қанша жерден дайын болса да  сасып қалды. -Біз сіздерге келесі аймақтарды ұсынамыз...
  Граг сыпайы түрде назарын аударды.
  -Кастрома, Ульянов ,Архангельск облыстарын- Анатолий айтылған Ресейдің аймақтарын картадан көрсете бастады.-Біз бұрын да ұсынғанбыз. Бірақ...
  Ол дауысына сергектік пен сенімділік ұялатуға тырысты. Айуандар. Оңбағандар. Жоқ, ол олар туралы басқаша ойлай алмайды, ешкім де ойлай алмайды. Грагтар алғашқы ойларынан бас тартса да... адамдардың бәрін резарвацияларда ұстау туралы райларынан қайтса да.... Антарктидадағы, Гренландиядағы резарвациялардан... Бәрі бір. Айандар,айуандар, айуандар...
  -Біз сіздерге Псков обласын және...назар аударыңыз! Бұл біздің тараптан өте үлкен  ұсыныс, түсініңізші! Краснодар аймағы! Сіздер жылы аумақты жақсы көреді емессіз дер ме? 

0
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 14 ақпан 2016, 19:42
Тегтер: С.Лукьяненко

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.