Маңызды елші мырзамен кешкі сұхбат. С.Лукьяненко

Маңызды елші мырзамен кешкі сұхбат. С.Лукьяненко
жеке
блог

-Маңызды елші мырза үш минут ерте келді,-хабарлады граг. Қабыршақты жақтары дірілдеп,сөзерді бейне бір түкіргендей шығарып,ал аузында ұзын екі айыр тілі желпілдеп тұрды. Грагтың тасырайған көзі болса, Анатолийдің бүкіл жан-дүниесін көріп тұрғандай. -Елші мырза менімен әңгіме-дүкен құрып, уақыт қысқартуына болады. Елші мырзаның бір шыны аяқ шай ішуіне немесе газет оқуына болады.

-Грагтың жіп-жіңішке қолы Анатолийге «Аргументы и факты» ны ұсынды, әрине тоқсан пайыз Бөтендердің табиғаты мен мақсаттары туралы жорамалдарға толы.

-Рахмет, мен бұл шығарылымды оқып алғанмын,-сыпай түрде айтты Анатолий. -Сізге адамдардың газетін оқу қызықты ма?

-Әртүрлі ақпарат қызықты. Грагтың бет-әлпетінен таңданған пішін білінді.- Бұл деген дамудың мүмкіндігі ғой. Ал сізге біздің газеттерді оқу ұнай ма?

-Өкінішке орай, мен ондай мүмкіндіктен адамын,-деді Анатолий.

-Сіз әлі біздің тідімізді үйрене алмай жатырсыз ба?- Грагтың айыр тілдері тым желпілдеп кетті. Ғалымдардың болжамы бойынша бұл күлкі немесе қорқыту емес, аяушылықты білдіреді.

 

(жалғасы бар)