«ТАҢ САМАЛЫ» – ЕРКЕҒАЛИ РАХМАДИЕВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ҰСЫНДЫ

«ТАҢ САМАЛЫ» – ЕРКЕҒАЛИ РАХМАДИЕВТІҢ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ҰСЫНДЫ
жеке
блог

Қазақтың көрнекті композиторы, КСРО Халық әртісі, педагог және қоғам қайраткері
Еркеғали Рахмадиевтің (1932-2013) шығармашылығында көрнекті туындылар бар. «Дайрабай»
және «Құдаша-думан» симфониялық күйлері, «Қамар-сұлу», «Алпамыс» және «Абылай хан»
опералары, романстар мен әндер сахнада шырқалып, көрерменді жантебірентерлік, мәнерлі
әуендерімен, эмоционалды толықтығымен қуантады. Родион Щедрин: «Еркеғали Рахмадиев – өз
халқының мәдениетінен нәр алған композитор. Қазақ өнері бүгінде еліміздің үздік сахналарында
оның музыкасымен танылады; ол шетелдерде сәтті орындалады...», – деп жазды. Еркеғали
Рахмадиевтің өмірінің соңғы онжылдықтарындағы шығармашылық қызметі елордамен тығыз
байланысты болды. Ол соңғы күндеріне дейін өзінің талантын, тәжірибесі мен білімін
айналасындағылармен қуана бөлісіп отырды. 2021 жылы оның есімін Астана қаласының
Мемлекеттік академиялық филармониясына берілуі қала үшін маңызды оқиға болды.

Концерттің атауы композитор Нұтфолла Шәкеновтің сөзіне жазылған «Таң самалы» лиро-
эпикалық әнімен байланысты. Жас кезінде сүйікті қаласы Алматыдан шабыт алған Еркеғали

Рахмадиев туындыны жары Клараға арнаған. Ән КСРО Халық әртісі Роза Бағланованың
репертуарында қазақстандықтардың есінде қалып, халық сүйіспеншілігіне бөленді. Бұл кеште
көрермен осы әнді Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақтың
(сопрано) орындауында тыңдайды.
Сонымен қатар, кеш барысында «Қамар сұлу» және «Алпамыс» операларынан үзінділер;
«Күндер зулап барады», «Туған ел туралы жыр», «Осынау әнге салғайсың», «Ақ тырналар», «Әнші
бақытты», «Шаттық вальсі» және т.б. әндері мен романстары шырқалады. Концертке ҚР еңбек
сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов (баритон), «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының
лауреаты Алтынбек Әбілда (баритон), халықаралық байқаулардың лауреаттары Әйгерім
Аманжолова (сопрано), Фируза Рахметова (сопрано), Шахризада Тыныштық (сопрано), Алтынбек
Арыстанбек (тенор), Талғат Аллабиринов (тенор), Нұрсәт Алмас (баритон) қатысады. Фортепиано
партиясында – Мәдениет саласының үздігі Роза Шотқалиева.