Адал жол
жеке
блог

Адал жол

Шыншылдықпен күресем деп жүргенімде,

Өкпелеп мен қалыппын бұл өмірге, 

Адал жолмен жүрсе пенде дүниеде,

Кешпес едік мұнша қасірет ертеректе.

Жалпақ ауыз айта берсе жат қылық,

Көргенсізге пана болсаң бар қорлық 

Дәулетім бар, жиған байлық көзіде,

Деген адам тұлға болар дейсің бе?

Көрсеқызар дүниеқорлар жалтақтап,

Сатып кетер достарың да жан талап

Еңбектеніп адал жолмен жүруге,

Өгіз басын  қимас олар қашқақтап...