Бұл дауыс кімдікі өзі…
жеке
блог

Бұл дауыс кімдікі өзі…

Отыр ем кітап оқып, жалғыз өзім

Кітапта бүкіл ойым, екі көзім.

Ұмытқам мына әлемді, естен алып,

Кітапқа еніп кеткен барша сезім.

 


Отырғам ұзақ сонда ойланып мен,

Тыныштық күйі бірде, бұзылды кеп,

Естілді бір ғажап үн артқы жақтан,

Есімді алып менің албыратқан.

 


Жүрекке жетіп жатты әрбір сөзі,

Отырдым үнсіз тыңдап сол бір үнді.

Шынымен жүректі елжіретер,

О Құдай, бұл дауыс кімдікі өзі!

 


Беріліп оқып жатты, ол намазын.

Жанының сездім сонда, мен тазасын.

Рухани байлыққа мен тояттадым,

Естіп бір Құранның аяттарын.

 


Отырып көз жасыма ерік бердім,

Елжіреп кетті тән мен жаным менің.

Кетті ол жайнамазын қолына алып,

Мен отырдым, сол әсерде ұзақ қалып….