Азаттықтың алынбаған қамалы
жеке
блог

Азаттықтың алынбаған қамалы

Қанша ғасыр болған баба арманы,
Алынбап ед бейбітшілік қамалы.
Тоқсан бірде алдық аңсаған азаттық
Алайда бәрі ойдағыдай болмады.
Өз халқына жаны ашымай адамдар,
Өз байлығың шет елге еркін саттыңдар.
Отырмайды жай қарап бұл жағдайға,
Қарсы тұрар тулап тұрған қаны бар.
Осылайша билік бәрін алдады,
Қарсы тұрған жанға күшігін қамдады.
Көре тұра аш жалаңаш халықты
Әділ іске олар бірақ бармады.
Тәуелсіздік? Тәуелдіміз әлі де,
Айта алмаймыз бейбіт сөзді әлі де.
Болмағанмен боданында Ресейдің
Өз боданы құрсаулады елін де.
Мағжан ата сөзі ертең күттірген,
Мен жастарға сенемін деді үмітпен.
Бүгінгі күн жастар ерлігін қарасақ,
Сенемін біз жастары оның сенген.
Ерлігі деп толықтай айта аламын,
Билікке қарсы өз пікірін айта алатын.
Жастармыз көзі ашық, көкірек ояу
Қарасақ алып барлық жақтың майталманын
Тойланды кеше міне Тәуелсіздік
Орда бұзар отыз жасқа біз де келдік.
Бірақ та қуанардай жағдай емес
Ойласақ отыз жылда не бітірдік?
Шыны керек дәрежені самғатқан
Қазақ атын бүкіл елге тамсатқан.
Спорт пенен музыка саладан басқа
Ешбіреудің жұмысы емес жасап жатқан.
Отыз жылда орда бұзар жас келді,
Соны ойлап көзімізге жас келді.
Ояныңдар жастары қазақ жұртының
Еліміздің ертеңіміз біз енді.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/add/