Тұғыры биік Тәуелсіздік!

блог
Қазақ - тәуелсіз,рухы биік,дана халық!
Кең алқапты мекендеген дара халық.
Тарихтың қойнауынан асылдарды,
Мәңгілікке сақтап қалған аман алып.
Тәуелсіздік...
Тәуелсіздік десе,есіңе не түседі?
Ар-намысын бермеген қасқыр мінез.
"Елім"-деген еңселі ер түседі.
Сол даланы ұрпағына ұлықтаған,
"Абылайлап!" жауға шапқан ұл түседі.
Тәуелсіздік десе, есіңе не түседі?
Әділдікті ту еткен қырық руға
Данагөй, көпті көрген би түседі.
Құдайы қонақ келді деп, қазан асқан
Шаңырағы шайқалмаған үй түседі.
Тәуелсіздік десе, есіңе не түседі?
Жауға қарсы жұмылған жауынгерге
Жалын берген жырау айтқан сөз түседі.
Қаратаудың басында "Елім-ай" деп,
Еңіреген,мұңға толы көз түседі.
Бозторғайдай шырылдаған шындық үшін.
"Жауыз" деп, Алаштың алып күшін
Дарабоздың жанын қиған кез түседі...
Ал, тарих десе, есіңе не түседі?
Қазағымның маңдайына бақ боп біткен
Нағыз ақын жырлаған жыр түседі.
Заманымен шайқасқан қарсы тұрып,
Надандыққа байлаған жырдан құрық
Кемеңгер ақын туған қыр түседі
Қазақ десе, есіңе не түседі?
Көк аспанда алаңсыз қалықтаған
Тәкаппар, асқақ мінез құс түседі.
Жаңғыртқан ұлт болмысын мәңгілікке
Болашаққа ұмтылған Рух түседі!