Журналистика туралы өлең

Ақпаратты доп секілді тез жеткізер,

Бір-біріне пас беріскен футболистей.

Жинаған мағұлматпен селт еткізер,

Мамандықтың төресі журналистей.

 

Зерттейді спорт, өнер, білімді,

Халықты, сан түрлі, буынды.

Таратар ақпаратты әр саладан,

Құбылысты зерттейді ол, ғылымды.

 

Жетпес еді ақпараттар онсыз бізге,

Сауаттылық қалыптаспас мына жүзде.

Жаңалық, газет сынды терминдерден,

Хабардар болмас едік, менде, сіз де.

 

Журналистика қоғаммен өмір сүрер,

Журналист қоғамменен тыныстайды.

Қоғамның қиылса тамыры егер,

Журналистика жер бетіне сыйыспайды.

 



Бөлісу: