Алаштың ұлттық мінбері

Алаштың ұлттық мінбері
жеке
блог

ҚАЗАҚ газетіне арналған арнау..

 

 

Бастау алып басылған Орынборда,

Араласқан ел -ішінің қоғамына.

Қазағымның мұң -мұқтажын сиппатаған,

Екі жүз алпыс алты сандығында.

 


Білім үшін талай рет терін төккен,

Жолдары бар қаншама қапы кеткен.

Ұлт қадірін бар елге паш еткізіп,

Киіз үйді рәміздік белгі еткен.

 


Бас редактор Ұлт ұстазы Ахаң болған,

Тек саясат,әдебиет мәтін толған.

Шындық аты шырылдап көкейінде,

Міржақып Дулатовпен қатар туған.

 


Шәкірттердің сауаты ақталғанда,

Жүректерде бірлік аты жатталғанда,

Көк туымыз одан биік самғар ме еді,

“ҚАЗАҚ” атты газетіміз сақталғанда.