Қазақ поэзиясының саңылақтары

Қазақ поэзиясының саңылақтары
жеке
блог

Сөз болып отырған кезеңде қазақ әдебиетінің жанрлардын көбейіп, түрлене түскеніне, соған орай жазба тілдің жаңа стильдері пайда болғанына қарамастан,әдебиеттің поэзия жанры қазақ тілінің даму барысында басым сала болып қала берді.Бұған, бір жағынан,сан ғасыр бойы  күшті дамып келген бұрынғы қазақ поэзиясы дәстүрінің әрі қарай ұласа беретіндігі негіз болса, екінші жағынан,осы кезеңде жаңа реалистік әдебиет туып, оның да негізгі жанры болып поэзия, яғни ұлы Абай шығармашылығының тұрғандығы себепкер болды.

Өткен ғасырларда қазақ поэзиясы негізінен ақындық мектепке көшкендігі жоғарыда айтылды.Оның өкілдері кең даланың барша түпкірінен көптеп көріне бастады.Олар әлеуметтік үні, жырлау мәнері, тақырып ауқымы, таралу шегі, мұра байлығы жағынан, сөз жоқ, бір қатарда тұрады.Шортанбай,Мұрат,Жанақтан бастап,Сүйінбай, Мұсабай, Орынбай,Шөже, Ақтан, Бала, Ораз, Арыстан, Сары, Біржан, Жаяу Мұса, Майлықожа,Мәделіқожа сияқты байырғы дәстүрді әрі қарай жалғастырған, туындыларын көбінесе ауызша тартқан ақындар мен жырау-жыршы типіндегі сөзгерлерден басқа байырғы поэзия дәстүрін жазба әдебиетке ауыстырып жалғастырған Ыбырай Алтынсарин, Шәңгерей Бөкеев, Әубәкір Кердері, Ақылбай, Ақан сері Қорамсаұлы,Мағауия Құнанбаевтар сияқты ақындар да болды.

Сондай-ақ аттары аса алысқа жайылмаған,өзіндік әлеуметтік үндері болған қаншама ақындар бар.Аттары ел есіңде сақталатын ақындардың ауқымы әр дәрежеде болғанымен, бұлардың баршасы қазақтың ауызша дамып келген әдеби тіл үлгісін әрі қарай дамыта білді.

Бірақ менің ойымша, бұл дәуірде қазақтың бұрынғы поэтикалық ошағы өзгеріссіз қалмады. Ақындар шығармашылығының тақырып аясы да, мазмұны да, жырлау стильдері де өзгеріске ұшырады.Соған қарамастан қазақ әдеби шығармаларының біздерге мұра болып қалғаны, өз тіл тарихымызбен мәңгі мақтана алатынымыздың өзі үлкен бақыт!

Дайындаған:Тілектес Аяжан