Арал

Арал
жеке
блог

Аралым...
Көргеннен соң бұл жағдайды налыдым.
Дарияң жоқ, жүзбейді енді балығың.

Әттең, қолым жетпейді...
Жазғаным ғой
Таусылған соң амалым.
(Сақта енді Каспиіңді қарасындай ағыңның!
Ілінбейік қаһарына Табиғаттың, ағынның.)

Таусылды су
Сиясындай қаламның.
Тұзың қалды
Шөл далада қамалып.
Адам, шіркін,
Түсінбейді, білмейді!
Қиратқанын Табиғаттың қамалын...

Енді бүгін
Қарашы мұнда, тіксінбе.
Болсын осы мысал тағы есіңде.
Қарт болғанда қалма жылап кемсеңдеп.
Баққан балаң, арың да - бұл, еңсең де:
Отызында өзгермейді не етсең де.
Ыстық болса, желдеткішті қоса сап
балаң отыр жайбарақат кеңсеңде.

Ойы таяз,
Естімейді - "меңіреу".
Оянбайды, оянбасаң сен дереу!
Қорға оны, үйің сенің - Табиғат,
Болса ойың пана іздеп сенделмеу.