Таңғы ойлар...

Таңғы ойлар...
жеке
блог

Қайғы деген сорлы түңеп кеудемді,

Дауа таппай,жаным бір сәт күйрейді

Жол көрсетпей қар борандай тыстағы,

Сан сұрақтар тығырыққа тірейді 

Бір ойлаймын,неге осылай болды деп.

Жалқаулыққа қалай көңіл толды деп

Жай ағыммен қалқыған жансыз заттай,

Алқынбаймын...неге жимайм бойды?,деп...

Өмір күтпес,өте шығар бір күні,

Тыяр жылдар уақытша ойын-күлкіні

Біз қалармыз өмір мәнін таба алмай,

Сүре алмасақ соңғы күндей бүгінді.

Ойға салсам,өмір деген мәнсіз ғой,

Мақсат қойып,мәнді ететін бізбіз ғой,

Таңғы түстей кетпеу үшін ұмыт боп,

Жадымыздан шер қалдырып жүрміз ғой...

Өмір деген ол біздің ойларымыз,

Қорқыныш,сенімменен арманымыз,

Тастамай ауыр жүк қып артып жүрген,

Өткен үшін өкініш,болашаққа алаңымыз.

Маңдайға болар дейміз жазылғаны,

Өмірден біз ғана ма тартқан зарды?

Сыну ма,шарықтау ма таңдау бізде,

Құлаймын десең ғана құлатады.