АУЫРТПА АЛЛА АНАМДЫ!
жеке
блог

АУЫРТПА АЛЛА АНАМДЫ!

Қарусыз майдан. Тұманды қала. Бұлыңғыр. 

Дірілдеп тұрған дөңгелек дүние дүйім кір. 

Адамын қойшы,  

Ауадан қаштым, 

Тығылдым

Төрт қабырғаға...  біте ме күдік күйім бұл. 

 

Жиын-той қалды адасып адамзаттан кіл, 

Тарихтан қарап сақтан деп баба Сақтар тұр.

Жетімнің күйін кешеді қайран Сарыарқа

Баланың даусын естімей мұңды бақтар сұр.

 

Терезе жақтан телмірдім сыртқа... а,  Құдай, 

Түріңді қара дегендей аспан, тағы да ай...

Жапырақ сынды дірдек қағамын ағашта, 

Жақындарды ойлап, 

айрылғым келмей...

жаным-ай...

 

Күрсінген алаң, 

дем алған ауыр тал-дарақ, 

Бұтағын жайып ем сұрар көктен Алла-лап.

Құлыптар біткен шеруге шығып алғандай, 

Тек көңілдерді кілттей алмайды 

сан қамақ.

 

Білсем де кезіп жүргенін біздің ғаламды, 

Көзі жоқ жаудан көзкөрмес жаққа қашам-ды.

Тажалды қуып 

Тазартып жүрген Таразды 

Жандарды сақта,  

Сақташы Алла Анамды.????????????

 

Жұлдыз БЕЙСЕК.