Тіл тұғыры
жеке
блог

Тіл тұғыры

Тілім менің тағдырым, дара құсым,

Махабатта әрқашан жаралысың.

Сүйгендерден көп екен сүймегендер,

Қара табан, үрпиген қара құсым...

 

Даңқты тілім жүрседе сеннен арып,

Сенің басқан ізіңді құбыла ғып.

Саған ғана бағынам қызыл тілім,

Жүрегімді кеудемнен жұлып алып.

 

Тіл тағдыры қинамайды ешкімді,

Мәңгүрттікке жол бастаған үлкені де, естісі.

Тілді күрмеп, алалаған, дірдектеткен қара бас,

Бола алмайды, бола алмайды жанашыры ешкімнің.

 

Тіл қадірін білмегендер, тіл тұғырын түсірген,

Қара бастың қамы үшін тілін сатып күйреген.

Тіл тағдырым! - деп білмеген адамдар,

Құдайшылық, адамшылық басталады тілменен.

 

Қанша ашты болғанымен, шындығымыз тек осы,

Тіл тұғырың, тіл тағдырың, тарихыңның жалғасы.

Күндей күшті, күркіреген, қылыш жүзді, кең тілім,

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат барлығы да сенікі.