КӨРКІҢЕ КӨЗІМ ТОЙМАЙ...
жеке
блог

КӨРКІҢЕ КӨЗІМ ТОЙМАЙ...

Көркіңе көзім тоймай,
Дерт емдім өзіңді ойлай.
Өртендім қар үстінде,
Төзім қалмай.

Деуші еді сезім балдай,
Кеттің-ау сөзімді алмай.
Қиылып қинайтұғын,
Кезің қандай?!

Сен болдың тілегім де,
Ем қонбас жүрегіме.
Білегің айқаспаса,
Білегіме.

Үңілші жан сырыма,
Айналдың аңсарыма.
Мен жүзік салсам деймін
Саусағыңа.

Сұлусың айдан керім,
Туылсын майдангерім
Өзіңді «анашым», ‒ деп
Ойлан Бегім.

Бағымды еселегін,
Сені елім десе Келін.
Жолыңа бар бақытты
Төсер едім...