Оралдым қайтадан...

 Көрінбей, көп болды, адастым жолымнан, 

Абайсыз картамды жоғалттым қолымнан. 

Ұша алмай қалдым ба, өзімді түсіріп, 

Шыға алмай қалдым ба торымнан?!

Жыладым, жазғырдым, қинадым өзімді, 

Тайдырып алдым-ау жолымнан көзімді. 

Ізінен жаңылып, басқа əлем аралап, 

Тауыстым тағы да төзімді. 

Шаршадым, сүріндім, шалшыққа қол салып, 

Кетіппін өзгеріп, басқаша жол салып. 

Көп уақыт таба алмай жүрердей, 

Алысқа кетіппін соншалық.

Тоқырау, жоғалу, өртелген шығарма, 

Жылайды өлеңдер . Орын жоқ тұрарға.

Ақыры, оралдым, əдебиет, мен саған, 

Мүмкіндік берме енді қайтадан құлауға. 



Бөлісу: