"Мен қазақтың қызымын"
жеке
блог

"Мен қазақтың қызымын"

Мен қазақтың қызымын,

Айдидарлы қиғаш қас.

Мен қазақтың қызымын,

Бұраң белді, қолаң шаш.

 

Мен қазақтың қызымын, 

Сар даланың гүлімін.

Көк аспанда сайраған,

Бозторғайдың үнімін,

 

Мен қазақтың қызымын, 

Сырлы сұлу сымбатты.

Дариядай шөлдегі,

Мен қазаққа қымбатты.