Бір сәт ой толғау

Жүріп келем, көзімді жұмып келем,Көзді ашуға қимастық қылып келем.Қимаймын ба, білмеймін, қорқамын ба?Әйтеуір көппен өмір сүріп келем. Көз ілмей бір тынымсыз ойланамын,Өткен-кеткен сәттерді ойға аламын.Ес білгелі осынау кезге дейін,Не бітіре алдым? – деп, толғанамын. Мың ойланып-толғанып жүрген сәтте,Жоғалттым ба екен уақыт олжаларын?Жігерімді байлап ап қанжығама,Енді мен өз ісімді қолға аламын. Жүріп келем, көзімді жұмып келем,Көзді ашуға қимастық қылып келем.Жоқ, мұным жарамас, – деп көзімді ашып,Қазір мен жарқын өмір сүріп келем.


Бөлісу: