Ұмтылыс

Ұмтылыс
жеке
блог
Сағын сынса, отырасың маужырап, 
Жалғызсырап, ойың кетер әлденені бір аңсап, 
Шешілмеген жолдары көп небір түрлі түйіндер
Батыл шешім керек саған, керек емес қалтырап... 
Бұл өмір арнасына сыя алмаған өзендей, 
Тасып жүріп ағызады кедергіні елемей, 
Тосқау болғын, қарсы жүзгін, бойыңды тік ұстағын
Талап қылғын, еңбек еткін, бастысы еш ерінбей!
Көзінде от жанып тұрса, жалыныңды өшірме, 
Мақсат қойғын, ұмтыл алға, көшбасшы бол көшінде, 
Бұл өмірде онсыз да көп сағы сынған пенделер 
Сен мойыма, қайта тұрғын, сабырменен берілме! 
Мұңаймағын, шаршамағын қанатынның сауында, 
Көкке ұшқын, самға биік, небір асу тауларға, 
Армандағын, қиялдағын қанат бар да талмағын
Жетесің сен белестерге самға биік самғағын!...