Қызылордада кітаптың тұсаукесері өтті
жеке
блог

Қызылордада кітаптың тұсаукесері өтті

Ана  жан...

Сыйланбаған ниетпен гүл есімде

Нұр сыйлап жүрегіме жүресіңде

Білемін деп қоясың, күлесіңде

Мен сені шексіз сүйем, білесіңбе?! - деп жырлаған жас ақын Гүлжанат, көктемнің шуақты күнінде, барша қазақ ару-аналарына арнап, алғаш жинағының тысауын кесті. Кітабын  əжесі мен анасының құрметіне арнаған. 

Гүлжанат Кірекес 15.06.90 жылы Қызылорда облысының, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген. Аталмыш кенттің 250-ші орта мектебін аяқтаған. Ол жетінші сыныбынан бастап поэзия əлеміне қадам басқан. Дүр Оңғар мен Балқы базардың ұрпағы, аудандық, қалалық, республикалық  мүшайралардың жеңімпазы. Өлең оқуда бірнеше рет үздік деп танылған ол Қызылордадағы М.Мəметова атындағы жоғарғы педагогикалық колледжі мен Алматыдағы ҚазМемҚызПУдың(ЖенПИ) түлегі.

Қазіргі таңда  Кызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің Қазақ тілі жəне əдебиет пəнінің оқытушысы. ОМСК қаласындағы ОМГА гуманитарлық академиясының 1 курс магистранты.

Кітаптың алғы сөзін жазған филология ғылымдарының кандидаты, айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы. Кітап 150 данамен шықты, 30 сатылып, 30 данасы тума-туыс, дос жолдастарға, 20 данасы обылыстық кітапханаларға  таратылды. Кешке студенттер, жас ақынның оқырмандары, достары мен жақындары, БАҚ өкілдері қатысты.

Келешекте жас ақын осындай кешті өз ауылы Қармақшыда атап өткісі келетінін айтты.