Болса екен ғой адамдар ұшқан құстай...

Болса екен ғой адамдар ұшқан құстай...
жеке
блог

Болса екен ғой адамдар ұшқан құстай

Болса екен ғой адамдар ұшқан құстай,
Жүрсе екен ғой бірін-бірі сағыныспай,
Қанат жайып ұлы көкке самғағанда
Жақынына оралса ғой сағым құшпай.

Болса екен ғой адамдар ұшқан құстай,
Жүрсе екен ғой бір-бірімен араздаспай,
Мынау жалған тар болып көрінгенде
Адамға адам демеу болса жан туыстай.


Болса екен ғой адамдар ұшқан құстай,
Жүрсе екен ғой адамзат еш адаспай,
Жылы жаққа шет асып кеткенінде
Құстардай өз Отанын еш ұмытпай.


Болса екен ғой адамдар ұшқан құстай,
Ғұмыр кешсе қу дүниеге қызықпастай,
Армандаған биігіне жеткен кезде
Жүрсе екен ғой адамдықтан еш адаспай.